Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі 6 айда атқарған жұмыстары туралы есеп берді

Аудан әкімі 6 айда атқарған жұмыстары туралы есеп берді

Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті LXII сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Оның ең негізгісі аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың 2020 жылдың І жарты жылдығында атқарған жұмыстарының есебі болды.
Сондай-ақ аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қазалы аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 24 желтоқсандағы №341 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудан әкімдігі жанындағы комиссияның құрамын бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 31 наурыздағы №102 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аудан көлемінде жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– Негізінде, әрбір саланың тынымды тірлігінің арқасында аудан экономикасы тұрақты дамып келеді. Нақты дәлел, 2020 жылға нақтыланған бюджет көлемі 24 млрд. 64,8 млн. теңгені құрап отыр. Оның ішінде өз кірістеріміз 1,4 млрд. теңгеге жетті.
Ал, 6 айда өнеркәсіп кәсіпорындарында 7 млрд. 378 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны да артып, өткен жылмен салыстырғанда 112,8 пайызды құрады. Кәсіпкерлікті қолдау шаралары да біздің назарымыздан тыс қалған емес. Осының нәтижесінде жыл басынан бері аудан кәсіпкерлерінің 231 жобасы бойынша 973,0 млн. теңге несие, грант қаражатын алды, – деген Мұрат Нәлхожаұлы ауданда «Жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламалары арқылы атқарылып жатқан жұмыстарды да тілге тиек етті.
Аудандық мәслихат сессиясында алғашқы жартыжылдықтағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп берген аудан басшысы алда тұрған міндеттер жөнінде жан-жақты баяндады.
Аудан әкімінің баяндамасынан соң аудандық мәслихат депутаттары Қасқырбек Мәмбетжан мен Ләззат Ізбасқанова туған жерде атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, сайлаушылардың атынан алғыс айтты.
Сессия отырысында көтерілген өзге де мәселелер жайында хабарламашылар тыңдалып, аудандық мәслихат депуттары тарапынан оң шешім тапты.
"Қазалы" ақпарат
11 тамыз 2020 ж. 712 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930