Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

Конго-қырым геморагиялық қызбасы – вирустық табиғи ошақтық ауру. Қазіргі кезең аурудың маусымдық мезгілі. Осы орайда, аудан бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтарын анықтау мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Өткен жылы 42 елді-мекеннің аумағына тоталды түрде зоопаразитологиялық зерттеулер жүргізіліп, 12-сі (Қ.Пірімов, 99, 101 бекеттер, Басықара, Абай, Шитүбек, Үйрек, Жанкент, Аранды, Қожабақы, Сарбұлақ және Көбек) қолайсыз елді-мекендерге жатқызылды.

Аурудың табиғи ошақтарына күзгі эпидмаусымға байланысты ағымдағы жылдың 26 тамызынан бастап 14 қыркүйекке дейінгі аралықта мердігер мекеме «Дезинфекция-К» ЖШС «Дизицип» инсектоакарицидтік ерітіндісімен залалсыздандыру жұмыстарын атқарады.

Ал, қолайсыз елді-мекендер санатына кірмеген ауыл тұрғындары өз қаражаттары есебінен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуі қажет.

Тағы бір айта кететін жайт, кенеге қарсы сапалы өңдеулердің бір түрі - ауылшаруашылығы жануарларының денесіндегі сыртқы және ішкі паразиттерді қатар өлтіретін акарацидтік препараттарды (ивамек, т.б.) ветеринар мамандардың көмегімен алуға болады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
27 тамыз 2021 ж. 828 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30