Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқу жетістігін сырттай бағалау қолданыстан алынып тасталады

Оқу жетістігін сырттай бағалау қолданыстан алынып тасталады

Оқу үлгерімі нашар оқушыларға арналған каникулдық онкүндік және жазғы мектеп бағдарламасы іске қосылады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында оқушылардың біліміндегі олқылықтың орнын толтыру жұмысы атқарылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
«PISA-2018 нәтижесі ауылдық және қалалық мектептер, сондай-ақ өңірлер арасында білім сапасында алшақтық бар екенін көрсетті. Осыған байланысты кешенді шара, атап айтқанда тірек мектептер, ресурстық орталықтар ауыл мектептеріне әдістемелік көмек көрсетеді. Бүгінгі таңда еліміздегі барлық мектептер оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңартылған мазмұн бойынша жұмыс істейді. Сондықтан орта білім беруді сырттай бағалау моделі жетілдірілді. Енді, қолданысқа оқу жетістігін сырттай бағалаудың орнына білім алушылардың білім жетістігін мониторингтеу жүйесі енгізіледі», – деді Асхат Аймағамбетов. Министрдің мәлімдеуінше, бұған дейін оқу жетістігін сырттай бағалау функционалдық сауаттылықты емес, пәндік білімді өлшеу арқылы жүргізілген. Белгілі болғандай, білім беру мониторингіне Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінің 4-9 сыныптарының оқушылары қатысады. Колледждерде білім жетістігін мониторингтеу жүйесі жалпы білім беретін пәндер бойынша 2 курс студенттерінің функционалдық сауаттылығын және кәсіптік модульдер немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндер бойынша 3 курс білім алушыларының функционалдық сауаттылығын бағалайды.


20 тамыз 2021 ж. 463 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 121

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 111

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930