Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордаға «Sinovac» жаңа вакцинасы әкелінді

Қызылордаға «Sinovac» жаңа вакцинасы әкелінді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус індетін жұқтыру көрсеткіші едәуір төмендеп келеді. Бүгінгі тәулікте 150 жағдай тіркелген. Жалпы, жыл басынан бері вирус жұқтырған 13 826 адам тіркелсе, оның 80 пайызы жазылып шықты. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов мәлімдеді.

Брифингте сонымен қатар басқарма басшысының орынбасары кешеден бастап өңір тұрғындарына «SinoVac» вакцинасы салынып жатқандығын атап өтті. Аймаққа бүгінде ДДСҰ мақұлдаған індетке қарсы «SinoVac» жаңа вакцинасының 11 500 дозасы келген. Қазіргі таңда оның 80 пайызы аудандарға жіберілген. Мәселен, Арал және Қазалы аудандарына – 2000, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария және Шиелі аудандарына – 1000, Жаңақорған ауданына – 1500 доза жөнелтілді. Ал Қызылорда қаласына 2000 дозасы қалдырылған.

«Бұл жаңа вакцина инактивтелген. Үлкен кісілерге, науқасы бар жандарға салдыруға болады. Күтілетін реакциялар сирек кездеседі. Кең көлемде сұраныс болады деп ойлаймыз. Жалпы облыста екпе алуға қабілетті 401 мың тұрғын болса, бүгінде соның 63,9 пайызы вакцинацияланды», – деді Ж.Шаймбетов.
18 тамыз 2021 ж. 450 0

Шегіртке шепті бұза ма?

31 мамыр 2025 ж. 47

Сазгер кеші

31 мамыр 2025 ж. 59

Алтын арқау «АЗиЯ»

30 мамыр 2025 ж. 103

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031