17 наурызда ел аумағының басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 17 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ел аумағының кей жерлерінде жауын-шашын, түнде республиканың оңтүстік-шығыс таулы аудандарының кей жерлерінде қатты жауын-шашын жауады. Тек солтүстікте ғана күн ашық. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі. Қостанай облысында жел 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман, күндіз жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, желдін күші 15-20 м/с. Алматы, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ. Манғыстау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде - тұман.
inform.kz