Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әрбір тапсырма орындалуымен құнды

Әрбір тапсырма орындалуымен құнды

Мемлекеттік органдардағы орындаушылық тәртіпті сақтау мәселелері аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен өткен жиында қаралды.

Оған аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының әкімдері қатысты. Аудандағы эпидемиологиялық ахуалдың күрделігіне байланысты жиынға ауылдық округ әкімдері бейнебайланыс арқылы онлайн қосылды.
Жиында аудан әкімі аппаратының басшысы Қайрат Әбубәкірұлы орындаушылық тәртіп жағдайына жүргізілген талдау нәтижелерімен таныстырып, кіріс-шығыс құжаттары, арыз-шағыммен жұмыс жасау, хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, еңбек тәртібі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жағдайы және заң нормаларының орындалуы туралы жан-жақты айтып берді.


– Барлық тапсырмалар уақытылы және сапалы орындалуы керек. Талдау жүргізіңіз: егер объективті себептер болса, оларды жою қажет, ал егер мемлекеттік органдардың салғырттығынан мерзімдері кешіктірілсе, мұндай басшыларды жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарастырыңыз, – деген Мұхтар Әуесұлы аудан әкімі аппаратының басшысына тапсырма берді.
Жиын соңында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мемлекеттік органдардың орындаушылық тәртібіне бақылауды күшейтуді тапсырды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
11 тамыз 2021 ж. 575 0

Ел дамуының жаңа кезеңі

30 маусым 2026 ж. 58

Қамқорлығы мол Қаршыға

30 маусым 2026 ж. 55

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930