Pfizer басында тек жүкті әйелдер мен балалар үшін қолжетімді болады
Алдағы аптада ДДСҰ мақұлдаған тағы бір қытай вакцинасы Қазақстанда қолжетімді болмақ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Ошакбаев LIVE» бағдарламасында бірнеше сұраққа жауап беріп, Pfizer вакцинасы Қазақстанда қашан қолжетімді болатыны туралы айтып өтті.
Министрдің айтуынша, Pfizer вакцинасы Қазақстанға жеткізілгенмен, ол барлығына бірдей қолжетімді болмайды. Бастапқыда бұл вакцина жүкті әйелдер мен балалар үшін ғана қолжетімді болмақ.
Сондай-ақ Алексей Цой алдағы аптада ДДСҰ мақұлдаған тағы бір қытай вакцинасы Қазақстанда қолжетімді болатынын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасын 2021 жылдың 4-тоқсанында жеткізуге алдын ала келісімге қол жеткізілгенін хабарлаған еді.