Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қоңыр-қызыл" аймақтағы бизнес нысандарының жұмыс уақыты ұзарды

"Қоңыр-қызыл" аймақтағы бизнес нысандарының жұмыс уақыты ұзарды

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 9 тамыздан бастап "қоңыр-қызыл" аймақтағы бизнес нысандардың жұмыс уақыты қалай өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Комитет мәліметінше, Қазақстан бас мемлекеттік санитария дәрігерінің соңғы №33 "Кәсіпкерлік нысандарға Ashyq жобасын қосы туралы" соңғы қаулысына сәйкес, Ashyq "көшбасшысы" мәртебесі бар нысандарға 9 тамыздан бастап "қоңыр-қызыл" аймақта сағат 00.00-ге дейін, басқа нысандарда (Ashyq қатысушылары үшін) - сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Бұған дейін № 33 қаулыдағы 4-қосымша бойынша, өңірлердегі Ashyq-қа қосылған нысандар "қоңыр-қызыл" аймақта жұмыс күндері тек 20.00-ге дейін жұмыс істеді. Мұндай өңірлерге бес қала: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды кірген болатын. Бұл өңірдің санитария дәрігерлері жобаға қатысушыларға қатысты карантин шараларды күшейте алмайды.

Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті № 33 қаулының 8-тармағы 3-тармақшасын басшылыққа алатындығын растады, ол бойынша 9 тамыздан бастап барлық нысанның Ashyq-тағы жұмысы, сауда орталықтарын қоса алғанда ұзарады.

Ведомство мәліметінше, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені бағалау матрицасының өлшемі "қоңыр-қызыл" аймақта бір апталық кезең ішінде қауіп-қатердің шекті деңгейі (инфекциялық төсектердің толу көрсеткіші 70 пайыздан жоғары немесе 100 мың тұрғынға шаққанда 200 төсектің толуы) саналады.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда СОО жұмыс уақыты 6 тамыздан бастап 22.00-ге дейін ұзарды.
09 тамыз 2021 ж. 384 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031