Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ashyq жобасын пайдаланушылар саны 4 миллионнан асты

Ashyq жобасын пайдаланушылар саны 4 миллионнан асты

Бір тәулік ішінде жаңа карантин шектеулеріне байланысты Ashyq жобасының жаңа қатысушыларының саны екі есеге артып, 46 мың қолданушыға жетті.
2021 жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша жобада 23 мың кәсіпкер жұмыс істеді. Сол күні 3 754 өтінім өңделді. 2021 жылдың 29 шілдесінде 22 138 кәсіпкер QR – код алды. 30 шілдеге қараған түнде қосымша 584 өтінім өңделді. Өтінім беру және QR алу тәртібін өзгертудің арқасында кәсіпкер үшін жобаға кіру айтарлықтай жылдам болып отыр. Бизнестің 100-ге жуық саласы: сауда ойын-сауық орталықтары, базарлар, қоғамдық көлік, санаторийлер, қонақүйлер, мейрамханалар, білім беру ұйымдары жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Ashyq жобасын пайдаланушылар саны 4 миллионнан асты. Шілде айының басынан бастап жобаға ерікті ретінде (жеңілдіксіз) ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен жабық базарлар кірді. Осылайша 654 ірі сауда ойын-сауық орталығы мен жабық базардың кіріп, сауда субъектілерін қамту 200 мыңнан астам адамға көбейді. Ashyq вирус жұқтырған және байланыста болған адамдарды жиі анықтай бастады ( 5 шілдеде 167 «қызыл» статус болса, 16 шілде бұл көрсеткіш 461-ге жетті). Жоба басталғаннан бері карантин талабын бұзған 26 мыңнан астам адам анықталды (15,4 мыңнан астам «қызыл» және 10,7 мыңнан астам «сары»). Аурудың алдын алу жағдайларының саны 55 мыңнан асады. Ashyq жобасына кіруге қатысты кез келген мәселе бойынша Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өңірлік өкілдіктерінің мекенжайлары мен телефондарына хабарласуға болады. Сондай-ақ, ҰКП-ның 1432 call-орталығы арқылы алуға болады. QR-кодтарды алу бойынша кеңес алу үшін «Атамекен» ҰКП барлық байланысы мен мекенжайының толық тізімін мына жерден көруге болады.

31 шілде 2021 ж. 458 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 97

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930