Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Билер кеңесі басқосты

Билер кеңесі басқосты

Қазалы аудандық сотының бастамасымен аудан әкімдігінде “Билер кеңесі” мүшелерінің семинары өтті. Онда дауларды соттан тыс реттеп, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, ағайын арасындағы дауларды бейбіт жолмен шешіп, ата-баба дағдыларын жаңғырту жолдары айтылды.
Семинарға Қызылорда облысы бойынша Билер кеңесінің төрағасы З.Әлімжанұлы, аудандық және ауылдық Билер кеңесінің мүшелері, Байқоңыр қаласы мен Арал ауданының Билер кеңесінің төрағалары және қоғамдық ұйымдар қатысты.
Келелі басқосуда аудандық Билер кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Б.Әбсұлтанов, кеңес мүшелері Қ.Темірбаев пен Е.Мәлидің баяндамалары тыңдалды. Сонымен бірге Байқоңыр қаласы Билер кеңесінің төрағасы Ж.Ермекбаев, Арал ауданының Билер кеңесінің төрағасы Б.Бердалиевтің пікірлері қаперге алынды.
Ауданда билер кеңесі қызметіне кіріскелі 2020 жылы 11 қылмыстық іс медиация тәртібімен шешілген. Азаматтық сипаттағы 20 дау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастағы адамдар арасындағы 14 іс сотқа дейін татуласумен аяқталған.
2021 жылдың 6 айының өзінде 2 қылмыстық іс сотқа дейін медиация арқылы тоқтатылған. Неке бұзу бойынша 9 арыз билер кеңесі арқылы жабылғаны атап өтілді.
Қазалы аудандық сотының татуластырушы-судьясы М.Оспанов сотта бітімгершілік рәсімдерін қолдану туралы баяндай келе, бітімгершілік рәсімдері сотта Билер кеңесінің, әр ауылдық округтың кәсіби емес медиаторларының және судья-медиаторлардың қатысуларымен өткізілетініне тоқталды. Сондай-ақ әр ауылдық округтен дауларды бейбіт жолмен шешу жолдарын көрсететін және отбасылық құндылықтарды насихаттайтын билбордтар мен стенділерді орнату қажеттілігін атап өтті.
Семинар соңында қатысушылар Билер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру мәселелерін талқылап, жоспарланған шараларды нақтылады.

Мұрат ОСПАНОВ,
Қазалы аудандық сотының судьясы

07 тамыз 2021 ж. 680 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031