Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаһан жылынса, жаннан маза кетеді

Жаһан жылынса, жаннан маза кетеді

Өткен жылы орын алған әлемдік пандемия локдаун жариялауға мәжбүр етті. Есесіне әлем қайта өмірге келгендей болды. Мемлекеттердің экономикасы құлдырады дегенмен атмосфераға парниктік газдар шығарылымы азайды. Алайда індет планета үшін жағымсыз жаңалық болғаны анық. Ол жұмысы тоқтағап қалған зауыттарға, көшелер мен аспан әлемінің көлік пен ұшақтардан бос қалғанына қарамастан жылдам тарады.
Соңғы жылдары Еуропаның көптеген елдерімен қатар Азия мемлекеттері алапат ыстықты сезінуде. Оған мұздықтардың еруі мен атмосфераға шамадан тыс қоқыс қалдығының тасталуы себеп болып отыр. Ғаламдық жылыну болашақта әлемдегі тіршіліктің тоқтауына әкелетінін ескерсек, ғылымы дамыған елдердің немесе ымыраға шақырушы тұлғалардың тез арада әрекетке кірісуі керегін түсінеміз. Өйткені мұндай аптап ыстық миллиондаған адамды ауруға ұшыратып, жүз мыңдаған жанның өмірін жалмауда. Басқаны айтпағанда, кеше өзі экологиялық қауіпті аймақ саналатын Қызылорда өңірінде температура елу градусқа дейін жоғарылады. Ал Қазалы ауданында термометр 45-46 градус ыстықты көрсетті. Бұл өз кезегінде қан қысымы ауруы бар жерлестерді денсаулығымен арпалысуға мәжбүрледі. Мұндайда тым салқын ауа райына жаны семірген еуропалықтардың жайы бесенеден белгілі.
Жуырда өткен виртуалды климат саммитіне жиналғандар алдында Канаданың премьер-министрі: «Біз дереу әрекет етуіміз керек. Планетаның ластануына қарсы вакцинация жоқ», – деді Джастин Трюдо.

Табиғатқа тыныштық сыйлаған індет
Саммит қарсаңында халықаралық ұйымдар пандемия әлемді жаһандық жылыну мәселесінен алшақтатқанын, бірақ оны жоймағанын ескертті.
– Әлем тұңғиыққа кетудің алдында тұр, – деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның есебін тыңдағаннан кейін. Ол соңғы онжылдық бақылау тарихындағы ең ыстық жағдай қалыптасқанын, адамзат қандай айла ойлап тапса да бұл мәселені еңсере алмайтынын мәлімдеді. Қолдан келері тек салдарын азайту ғана екенін айтты.
– Осы баяндамадан кейін ғаламдық жылынумен күресте бір күнді де жоғалтпау керек. Климат өзгеруде және бұл планета мен оны мекендейтін адамдар үшін өте қауіпті. Ағымдағы жыл батыл іс-қимылдар жылы болуға тиіс. Барлық ел 2050 жылға қарай ауға тасталатын улы газды бейтараптандыруға, ал 2030 жылға қарай оларды 2010 жылмен салыстырғанда 45 процентке азайтуға міндеттеме алуы керек, – деді Гутерреш.
Жылынуды болдырмау үшін әлемнің көптеген елдері планетадағы температураның бірқалыптылығын ұстап тұру үшін атмосфераға кететін парниктік газдың үлесін қысқартуға келісті. Бұл бастама «Париж келісі» құжатына енгізілді. Алайда экологтар аталған протоколдың көнеріп қалғанын айтады.
Қоқысты көп тастайтын жұрт
Париж келісімі 2020 жылғы қарашадағы сайлауда АҚШ-тағы билік өзгергеннен кейін қайта өмірге келгендей болды десек қателеспейміз. Республикашылдар Ақ үй мен Сенатты демократтарға берді, ал жаңа президент Джо Байден Дональд Трамптың АҚШ-ты Париж келісімінен шығару туралы шешімінің күшін жойды. Сонымен қатар, Байден ауа қабатына тасталатын қоқысты азайту бойынша жоғары міндеттемелерді қабылдауға міндеттейтін Глазгодағы қараша Климаттық саммитінің шақырылымын күтпей-ақ, әлемнің ондаған мемлекет басшысын виртуалды кездесуге шақырды. Оның ішінде Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин де бар.
Нәтижесінде сәуір айында өткен екі күндік саммит аяқталғаннан кейін, әлемдік экономиканың жартысын құрайтын елдер «Париж келісімінде» айтылған мақсаттарды орындау үшін, адамзаттың болашағы үшін түтін көлемін азайтуға уәде берді. Демек Глазгода ғалымдар талап ететін мәселелерді шешу оңайырақ болады.
Қалай болғанда да, Ақ үй өзінің ниетінің маңыздылығын дәлелдеуге шешім қабылдады. Жаһандық жылынумен күрескерлер клубына оралып қана қоймай, климатты жақсарту бағытында мойнына көптеген міндеттеме алды. Нақтырақ айтсақ, құрама штаттар басшысы АҚШ-тың Қытайдан кейін зиянды қалдық шығаратын екінші алып ел екенін, мұны 2030 жылға қарай 2005 жылмен салыстырғанда екі есе азайтатынын мәлімдеді. Бұрынғы демократиялық Президент Барак Обаманың уәделерінде мұндай батылдық байқалмайтын. Ал Трамп болашақ үшін бас ауыртудан мүлдем бас тартқан еді.
– Әрекетсіздік қайтарым құны күн сайын өсіп келеді. АҚШ енді созбақтамайды. Біз батыл әрекет етуге міндеттіміз. Бәріміз үшін әрекет ету уақыты келді, – деді Америка президенті.
Байденнің мәлімдемесінен кейін ескі әлем ояна бастады. Еуропалық Одақ 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылмен салыстырғанда азайту көрсеткішіне 15 процент қосты. Бір мақсатқа жұмылғңандар да уәдесін орындады. Жапония ауаға араласатын улы газдың таралуын 50 процентке жуық азайтуға келіссе, Канада елдегі зауыттардың түтінін 45 процентке дейін төмендететінін айтып отыр.
Климат авралындағы Дүниежүзілік бірлік мерекесін белсенді Грета Тунберг бұзды. Самитке табиғат жанашыры шақырылмаған еді. Дегенмен жиында онлайн сөйлеудің амалын тауып: «Аулада 2021 жыл. Біз әлі де талқылап келеміз. Сөйте тұра салық төлеушілер есебінен қазбалы отынды тікелей немесе жанама түрде субсидиялаймыз. Бұл ұят», – деді 18 жастағы Грета.
– Міне, біз планетаның қандай климаттық жағдайға тап болғанын әлі түсінбейтініміздің дәлелі. Сіздердің еңселеріңіз түсіп кеткен. Еш шара қолданып отырған жоқсыздар. Сондықтан Мен сізге айтуға келдім. Сіздерге қарағанда менің замандастарым табиғатты қорғауда ұрыссыз берілмейді, – деді ол.
Планета «пысынады»
Метеорологтар 2020 жыл тарихтағы ең жылы үш жылдың бірі болғанын және температура 1850-1900 жылдардағы индустрияға дейінгі деңгейден 1,2°C жоғары екенін растады.
– Осы баяндамада келтірілген барлық негізгі климаттық көрсеткіштер климаттың тұрақты өзгеруін, экстремалды құбылыстардың жиі пайда болуын және күшеюін, сондай-ақ адамдарға, қоғам мен экономикаға әсер ететін ауыр шығындар мен залалдарды көрсетеді", – деді Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның Бас хатшысы Петтери Таалас.
Жылынудан туындаған планетадағы өзгерістер тек отқа май қосады. Ауқымды орман өрттері ауаның ластануына әкеліп соғады және орман алқаптарын азайтады. Арктиканың еріген мұзы температураны жоғарылатады, ал мәңгі аяздың еруі метанды атмосфераға шығарады. Мұны Австралиядағы дүркін-дүркін алапат өрттен байқап отырмыз. Кешегі түрік елінде басталған орман апаты да Еуразиядағы экологиялық қиындықты еселейтіні сөзсіз.
2020 жылы жазғы ыстықтан еріген арктикалық теңіз мұзының минималды ұзындығы тарихта рекордты көрсеткішкен жетіп, 4 миллион шаршы шақырымға дейін қысқарған. Былтыр жазда Лаптев теңізінің шегінуі де жаға ұстатады. Гренландиядағы мұз қалқаны айсбергтердің еріп, құлауына байланысты адам шошытар мөлшерге дейін төмендеген.
1980 жылдардың ортасынан бастап Арктикадағы жер бетіндегі ауа температурасы әлемдегі орташа деңгейден кемінде екі есе тез көтерілді. Бұл Арктиканың экожүйелеріне ғана емес, сонымен бірге жаһандық климатқа да ауыр әсер етеді.
Өткен жыл дүниежүзілік локдаун мен пандемия жағдайына да қарамастан ең ыстық мезгілдер санатына кіреді. Экономика құлдырады, іскерлік белсенділік, тасымалдау және энергияны тұтыну күрт төмендеді. Ла-Нинья құбылысының жылы болғанына қарамастан Тынық мұхитындағы температурасы төмендеді.
Ғалымдар ескерткендей, 2021 жылы ғалымдар жаһандық жылынудың себебі деп атайтын газдардың концентрациясы арта береді. Оны қазірдің өзінде анық байқап отырмыз.
Қоқыс қайта оралды
Адамзат планета үшін мәселе екенінде талас жоқ. Карантиннен кейін экономиканың қалпына келуімен өнеркәсіп пен көлік аспанды бұрынғы аянышты қалпына қайта түсірді. Бұл туралы халықаралық энергетикалық агенттік мәлімдеді.
– Көптеген дамыған елдер халықты тез арада вакцинациялайды және коронакризден шығуды жаппай субсидиялайды. Бұл экономиканың тез жандануына және 2021 жылы энергияға деген сұраныстың қалпына келтіреді, – делінген хабарламада. Бұл өсімнің артуына қазба жұмыстары да үлесін қосады. Осылайша, көмірге деген сұраныс, IEA бағалауы бойынша, барлық өндіріс ошағына қарағанда шығаратын зиянды қалдығы 60 процентке тез өсетін болады.
– Осыған байланысты атмосфераға парниктік газдар шығарындылары 5 процентке артады. Нәтижесінде атмосфера қабығы бұрынғы лас деңгейге оралады, – деп болжайды IEA. Дегенмен пандемияға әлі нүкте қойылмағандықтан, болжамның ауытқуы мүмкін.
Көмірге сұраныстың негізгі бөлігін Азия елдері, ең алдымен Қытай қамтамасыз етеді. Олар вирусты басқаларға қарағанда тезірек жеңіп, экономиканы тез қалпына келтірді. Сонымен қатар, дамушы елдер көмірден бас тартпайды. Өйткені кедейлікті азайту және әлемдік нарықты жаулап алу олар үшін экологияға қарағанда маңыздырақ.
Сондықтан, БҰҰ Бас хатшысы Гутерреш ЭЫДҰ-ның бай елдер клубына біріктірілген дамыған экономикалық елдерді көмірден бас тартуда шақыра отырып: "ЭЫДҰ мемлекеттері 2030 жылға қарай көмірден толық бас тартуы тиіс. 2040 жылы әлем аталған шикізат өндірмейтін болады», – деді ол.
Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
03 тамыз 2021 ж. 487 0

Қазақстанда күн жылынады

25 желтоқсан 2024 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031