Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арктикада нормадан жоғары температура тіркелді

Арктикада нормадан жоғары температура тіркелді

Арктикада жылыну әлемнің басқа жерлеріне қарағанда үш есе тез болады. Соңғы жарты ғасырда өңірдегі орташа жылдық температура 3,1°C-қа көтерілді, бұл кезде ғаламшар бойынша орташа жылдық температура шамамен 1°C-қа ғана көтерілген. Бұл туралы Арктикалық мониторинг және бағалау бағдарламасы мамандарының жаңа баяндамасында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Мұз қабатының жұқаруы жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады. Олар: балық аулайтын жерлер, кеме жүзетін маршруттар, мұнай мен газдың жасырын кен орындары. Алайда мәңгі тоң аймақтарының деградациясы өсімдіктер мен жануарлардың бір бүтін түрлерінің жоғалуына алып келеді. Оның ішінде ақ аю да бар. Мұның салдарын осы ендікте тұратын төрт миллион адам сезінуде. Сонымен қатар Әлемдік мұхиттың жалпы деңгейінің көтерілуіне байланысты үйлері бұл жерден мыңдаған километрде орналасқандар да зардап шегуде. Швеция, Сібір мен Аляскада орман өрттері әдеттегі проблемаға айналды. Салдарынан маңызды парниктік газдарды сіңіргіштер оның мықты көзіне айналып, климаттың өзгеру қарқынын күшейтуде. Осыншалық тез жылынудың себебін мамандар атмосфераның жоғары қабаттарындағы жоғары қысымды шақырған антициклон деп санайды. Салдарынан аспан тазарып, қар еріген. Климатологтардың айтуынша, жылыну одан да қарқынды болмақ. Жазғы мезгілде жоғары атмосфералық қысым мұздың уақытынан ерте еруіне әкеледі.


27 мамыр 2021 ж. 437 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031