Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан тамаққа көп ақша жұмсайтын елдердің көшін бастады

Қазақстан тамаққа көп ақша жұмсайтын елдердің көшін бастады

Қазақстан бұрынғы КСРО және Еуропа елдерінің ішінде тамақ үшін көп ақша жұмсайтын елдердің көшін бастады. Ал Люксембург бұл тізімде ең соңғы болып тұр. Бұл туралы РИА Новости зерттеуінде жазылған.

Сарапшылардың мәліметінше, Еуропа елдерінің көбінде отбасылық бюджеттің негізгі шығындарының бірі азық-түлікке жұмсалады. Шығын көлемі өмір сүру жағдайына қарай әр елде әртүрлі.
Тамақ үшін ең аз ақша бөлетін Люксембург тұрғындары болып шықты. Олар тамақ үшін шығындарының 8,4 пайызын ғана жұмсайды екен. Содан кейін 10,6 пайызбен Нидерланды және Ұлыбритания тұр. Сондай-ақ Ирландия, Германия, Финляндия, Аустрия және Норвегия тұрғындары отбасылық шығынның 12 пайызын тамаққа жұмсайды. Сарапшылар аз ақша бөлетін елдердің көшін Батыс Еуропаның экономикасы дамыған мемлекеттері бастайды деп топшылады.
Ал тамақ үшін көп ақша жұмсайтын елдердің ең көбі бұрынғы КСРО мен Шығыс Еуропа мемлекеттері болып шықты. Рейтингтегі барлық елдің ішінде соңғы орында Қазақстан тұр. Қазақстандықтар табысының 49,4 пайызын тамақ алуға шығындалады екен.
Украина және Молдова тұрғындары да отбасы табысының 40-тан аса пайызын азық-түлікке жұмсайтын болып шықты.
14 желтоқсан 2020 ж. 1 792 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930