Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID стационарларындағы қай мамандарға үстемеақы төленеді?

COVID стационарларындағы қай мамандарға үстемеақы төленеді?

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният хабарлады.
Оның айтуынша, жаңа жүйе бойынша үстемеақы алатын медициналық қызметкерлер анықталатын болады.Вице-министр тәжтажалмен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина мамандарына қатысты бұйрық жобасының әзірленіп жатқанын алға тартты.

Бұл мәселені министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша пысықтап жатыр. Бұйрық жобасы әзір. Сол жоба арқылы үстемеақы алатын медицина мамандарының санаттары көрсетілген. Жоба қызу талқылану үстінде. Ол медицина ұйымдары мен денсаулық сақтау басқармаларында ғана емес, «Ашық НҚА» базасында да жарияланған, - деді Ажар Ғиният.
Сонымен қатар санаттардың тізбесі кеңейтілген. Олардың қатарында дәрігер-реаниматологтар, анестезиологтар, инфекционистер, анестезистер, эпидемиологтар, психологтар мен бастапқы медициналық-санитарлық көмектің әлеуметтік жұмысшылары, ядролық медицина орталығының қызметкерлері, паталогоанатомдар бар.

Айта кететін жайт, бұл тізімге енген мамандарды өңірлерден ұсынған. Жоба әлі де талқыланып жатқан көрінеді.Бұған дейін Қазақстанда коронавирустан қанша бала қайтыс болғаны айтылды.
23 шілде 2021 ж. 736 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 117

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 108

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30