Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19: Ауданда ахуал күрделі

COVID-19: Ауданда ахуал күрделі

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал күннен-күнге күрделеніп, жұқпалы індетті жұқтырғандардың саны көбеюде. Бүгінгі күні елімізді 13 өңір «қызыл» аймақта тұр. Оның ішінде біздің облысымызда бар.
Осыған орай кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен жедел штаб отырысы өтіп, аудандағы ахуал алаңдатарлықтай жағдайда екені айтылды.

– Соңғы бір аптада Қызылорда облысында 484 жағдай тіркелсе, оның 18-і Қазалы ауданында орын алған. Және бір дабыл қағып айта кететін жағдай бір апта бұрын Қазалы ауданаралық ауруханасының коронавирусқа қарсы бөлімінде емделіп жатқандар саны 11 адам болса, бүгінгі жағдайда олардың саны 27-ге жетті. Оның төртеуі реанимация бөлімінде жатыр. Мен бұл жерде пневмониямен емделіп жатқандарын қосып отырғаным жоқ. Нақты «COVID-19»–бен тіркелгендерді айтып отырмын, – деді аудан басшысы.
Мұнан кейін аудандағы эпидемиологиялық ахуал туралы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының Ғабит Сарқұлов айтып, вакцинациялау жұмыстары саябырсып қалғанын тілге тиек етті.

Штаб отырысында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Дәурен Тілеумбетов, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов мониторингтік топтардың атқарған жұмыстары туралы баяндады.

Аудан басшысы мониторинг топтардың жұмыстары көңіл көншітпейтінін айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды әлде де жандандыру қажеттігін жеткізді. Халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, санитарлық талаптарға бағынбағандарға заң талаптарына сәйкес шара көруді тапсырды.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев алдағы күндері Мұсылмандар қауымы үшін қасиетті саналатын Құрбан Айт мерекесі келе жатқанын айтып, барлық шаралар онлайн өтетіндігін жеткізді. Аудандық «Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы Берік Сүлейменовке халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты.
Қазалы ауданының баспасөз қызметі
17 шілде 2021 ж. 448 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 109

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930