Ауру ахуалы күрделі
Кеше аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен жұқпалы індеттің алдын алу мақсатындағы жедел штаб отырысы өтті.
Жедел штаб отырысын ашқан аудан басшысы біздің өңірде эпидемиологиялық ахуалдың күрделеніп кеткенін тілге тиек етті.
– Барлық жердегі жағдайды өздеріңіз көріп-біліп отырсыздар. Жағдай мәз емес. Күні кеше Қазалы қаласындағы «Өрімтал» балабақшасынан 9 бірдей науқас шықты. Бұл әрине өте қиын жағдай. Сондықтан барлық қауіпсіздік шараларын күшейтуіміз қажет, – деді Мұрат Нәлхожаұлы.
Мұнан соң аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлсім Имандосова, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Еркебұлан Жүрсінбаев аудандағы эпидемиологиялық ахуал және атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Ал, Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақытгүл Әлішева 3 науқастың жағдайы ауыр екенін білдірді. Осыған орай ауруханада инфекциялық постқа қосымша 2 реанимациялық пост ашылғанын жеткізді.
Басқосуда аудан әкімі Мұрат Ергешбаев дереу арада Қазалы қаласындағы ауру анықталған ошақтар мен 2 балабақша, 3 мектеп, 1 колледж және қала әкімі аппаратының ғимаратына дезинфекция жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ жалпы аудандағы білім беру ұйымдарын, оның ішінде қаладағы мектептерді бірінші кезекте онлайн оқуға көшіріп, балабақшаларды эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанша уақытша жабуды аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешовке тапсырды.
– Жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында базарлар мен дүкендерде, қоғамдық тамақтану және мейрамханаларда сақтық шараларын қатаң сақталуын қадағалауымыз қажет. Ол үшін мониторингтік топтар белсенді жұмыс істеуі тиіс. Қазіргі таңда қоғамдық көлік жүргізушілерінің көбісі маска тақпайды. Олай болмайды. Себебі облыс бойынша біздің ауданда тіркелген науқастар саны көп болып тұр. Осыны халыққа түсіндіруіміз қажет, – деді аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жедел штаб отырысын қорытындылады.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат