Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сovıd күш алып кете ме?» деген қауіп бар

«Сovıd күш алып кете ме?» деген қауіп бар

КВИ-дің «дельта» штамы қар­қынды таралуына байланысты Ден­саулық сақтау министрлігі жасаған эпидемиологиялық болжамға сен­сек, егер індет бұдан әрі асқына бе­ре­тін болса, оған жаңадан шал­дыққандар саны шілде-қыркүйек айларында 400 мыңға жетпек. Ал оптимистік сценарий бойынша 330 мың адам шалдығуы мүмкін.
2021 жылғы 1 шілдедегі есеп бойынша, елімізде үнді штамын анықтау үшін 414 сынаманың ПТР скринингі өткізілген. Үнді штамы соның 48,3%-да барлық об­лыс­тар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шым­кент қалаларында табылған. Мутацияның болуын және оның «Дельта» штамына жа­та­тынын түпкілікті растау үлгілердің ДНҚ толық геномдық реттілігі аяқтал­ғаннан кейін анықталады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 1 шілдеде таратқан ақпарында «Дельта» SARS-CoV-2 штамы әлемнің 96 елінде кездескен.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, елімізде қазір 47 828 адам коронавирус инфекциясынан ем­делуде. Сондай-ақ коронавирус инфек­циясына қарсы вакцинаны 7,2 млн адам алған, оның ішінде бірінші компонент – 4 705 675 адам, II компонентпен 2 597 505 вакцина салдырған. Бұл халықтың 47 %-ын құрайды. Тәулік сайын республика бо­йынша орта есеппен 80-100 мың адам егіледі. Егу пункттерінде вакцина жет­кілікті.
«Вирустар барлық тіршілік иелері сияқты өмір бойы мутацияға ұшырайды. Вирустың мутациясы бірнеше апта немесе айлар ішінде көптеген вирус пен сезімтал адамдарға байланысты тез жүреді. Кейбір мутациялар вирусты тұрақсыз және осал етеді, ал кейбір мутациялар вирустың жұқ­палығын арттырады. Мутацияның алдын алып, вирустың таралуын тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Вирустың таралуын төмендетудің тиімді шарасы – вакцинация» деп атап өтті денсаулық сақтау магистрі, ДСМ «Сани­тариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық ор­талығы» ҚДСҰО филиалы директоры орын­басарының міндетін атқарушы Манар Смағұл.

Профилактикалық медицина ака­демия­сының президенті Алмаз Шарман­ның айтуынша, вирус вакцина алмаған бір адамнан екіншісіне берілгенде мутацияға ұшырауы кәдік. Егер адамдар вакцина алмаса, мутациялық процесс еш кедергісіз жалғаса беруі ықтимал.

Вакцинацияға ел неге сенбейді?
Қазіргі жағдай қалай? Коронавирус індеті таралу қаупінің ушығуына бай­ла­нысты еліміздің бірқатар қалалары «қызыл аймаққа» енген. Олардың қатарында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларымен бірге, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақ­стан, Қостанай, Қарағанды, Маң­ғыстау және Павлодар облыстары бар.
Дегенмен індет жағдайы қаншалықты ушығып бара жатса да, COVID-19-ға қарсы вакцинаға елдің сенімі біркелкі емес, көпшілігінің көңілінде күдік басым. Осыған орай Оралда, Маңғыстау өңірінде міндетті вакцинацияға қарсы наразы­лықтар болып өтті. Мұндай қарсылықты көңіл күй басқа да өңірлерде жиі байқалады.

Наразылық тудырушылардың басты уәжі – вакцина клиникалық сынақ мерзімінен өткен жоқ, оның кері әсері болуы мүмкін деген уәждер жиі айтылып жүр. Бірақ бір шындықты ескерген жөн, кез келген вакцина экстремал жағдайда жасалады, ал енді оның клиникалық сынақ мерзімінен өтуін күтіп жүретін болсақ, вирус мутацияланып, ел ішін кесел әбден жайлап кетуі мүмкін.
Ел ішінде вакцинацияға қатысты түрлі қорқынышты әңгімелер айтылып жүр­генімен, Алмаз Шарман COVID-19 вак­цинасының әсерінен адамның өліп кету оқиғасы болмағын айтады.

– Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында індеттен қайтыс болған пациенттердің ешқайсысы коронавирусқа қарсы вакцина алмаған. Сондай-ақ, егілуден кейін жағдайы күрт нашарлап кеткен адамдар да болған жоқ, – дейді ол.

Оның айтуынша, коронавирусты емдемесе ол өздігінен ешқайда жоғалып кетпейді, оны жеңудің жалғыз жолы – вакцинация.

Мына жайтты да ескерген жөн. Адамзат тарихында барлық індеттер тек вакцина арқылы тоқтатылған. Сол арқылы тұтас ауылдар мен қалаларды жалмаған оба, шешек сияқты кеселдер жойылды. Сондай-ақ, осыдан екі жыл бұрын вакцина жасалмай тұрғанда індеттің нағыз ушығып кеткен кезі мен қазіргі жағдайды салыстыруға келмейтінін, басқа болмаса да дәрігер мамандар жақсы біледі. Сол уақыттар КВИ-дің кеселінен өзіміз де талай таныс-туыстан айырылып қалдық емес пе? Былтыр COVID-19-ға негізінен кәрі адамдар ұшыраса, енді індеттің сипаты өзгерген, ол жас талғамай жұғатын болды.

Түйін: Ашық дереккөздердің соңғы мәліметіне сүйенсек, әлемді дүрліктірген атың өшкір вирусқа жер бетінде 189 294 541 адам шалдығып, оның 172 866 027-ы жазылып шыққан, 4 076 732-ы қайтыс болған. «Қара тізімнің» басында АҚШ тұр, Ресей – бірінші бестікте, Қытай алғашқы ондықтың қатарында жоқ, Қазақстан осы тізімнің 44-сатысында орналасқан.
16 шілде 2021 ж. 260 0

ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды

26 желтоқсан 2024 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031