Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдардың сапасы басты назарда болуы қажет

Жолдардың сапасы басты назарда болуы қажет

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқаппен бірге Бекарыстан би ауылына жол тартып, осындағы бірқатар мәселелермен танысты.
Өткен жылы елді мекенде «Ауыл – ел бесігі» жобасы арқылы 10 көше асфальтталған болатын. Жыл өтпей жатып кейбір көшелердің жолы бұзылып, жауапты саланың мамандары қайта жөндеуге ұсыныс берген. Қазіргі таңда кепілдік мерзіміне сәйкес мердігер мекеме бұзылған жолдарды қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады.
Аудан басшысы сонымен қатар, Бекарыстан би мен Жаңақұрылыс елді мекендерінің аралығындағы аудандық маңыздағы автомобиль жолы мен осы аралықта орналасқан екі көпірді сала мамандарымен бірге көрді.
Көршілес Арал ауданымен шекаралас аудандық маңыздағы 13 шақырым жолды жөндеу үшін жоба-сметалық құжаттары дайындалып, сараптамадан өткізілген. Қазіргі таңда қаржыландыру көздері қарастырылуда.
Ал, қос көпірді қайта салу үшін жоба-сметалық құжаттарға қажетті 18 млн теңгеге облыстық бюджетке өтінім берілген.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындар үшін маңызы жоғары жолдың қаржыландырылуын назарда ұстап, көпірлерді қайта салу үшін құжаттарды тезірек дайындауды тапсырды.


"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
12 шілде 2021 ж. 601 0

Бір күн – мың кеңес

17 тамыз 2026 ж. 11

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31