Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рекорд: 3242 адамнан Covid пен коронавирус пневомониясы анықталды, 38 адам қайтыс болды

Рекорд: 3242 адамнан Covid пен коронавирус пневомониясы анықталды, 38 адам қайтыс болды

Қазақстанда кейінгі тәулікте 3130 адамнан коронавирус табылғанын 10 шілдеде денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Қазақстанда коронавирус пандемиясы басталғалы бері вирус жұқтырғандар саны бойынша тағы бір рекорд тіркелді.

Кейінгі мәліметте 8 шілдеде елде коронавирустан 33, "коронавирус пневмониясынан" 5 қайтыс болғаны көрсетілген.
Қазақстанда коронавирустың аса жұқпалы делта варианты тарап жатқан тұста, шілденің басынан бері тәулік сайын анықталатын коронавирус жұқтырғандар саны үш мыңнан асып отыр.
Ресми дерек бойынша, Қазақстанда былтырғы наурыздан бері 451 130 адамнан коронавирус анықталған. Бірақ кейбір сарапшылар елдегі шынайы жағдай басқаша - Covid жұқтырғандар саны бұдан әлдеқайда көп деп санайды.
Қазір елде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, БҚО, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары вирус жұғу қаупі көп "қызыл аймақта", Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда облыстары вирус тарауы жағынан орташа "сары аймақта" тұр. Қалған облыстар "жасыл аймақта".
8 шілдеде елде 112 адамға коронавирус пневмониясы деген диагноз қойылды. ПТР нәтижесі теріс, бірақ симптомдары коронавирусқа ұқсас "пневмония" статистикасы былтыр тамыздан бері жүргізіліп келеді. Министрлік мәліметінше, содан бері елде 57 742 адам осы "пневмонияға" шалдыққан.
Ресми дерекке сай, пандемия басталғалы Қазақстанда 4609 адам коронавирустан, 3486 адам "пневмониядан" қайтыс болған. Бірақ бұл статистикаға коронавирус жұқтырғаны анықталған мыңнан аса марқұм енбей қалды. Министрлік құрған комиссия олардың қазасына басқа дерт себеп болды деп тапқан.
Министрліктің дерегінше, 9 шілдеге дейін елде 4,2 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы екпенің бір дозасын; 2,38 миллиондай адам екі дозасын да алған. Елде ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac, HayatVax (БАӘ елінде дайындалған Қытайдың екпесі), қытайлық Coronavac екпесін салып жатыр.
10 шілде 2021 ж. 683 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 149

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 166

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031