Құрықты қолға ұстаған қапы қалмас
Бүгінде мемлекет тарапынан мүмкіндіктер мен жетістіктерге жол ашылып отырғанда, ұқсата білген ұтылмасын уақыт көрсетіп отыр. Сондай мерейлі мақсатын қажеттілікке ұштастырған жас кәсіпкерлердің бірі Нұрболат Әлібек.
Жастайынан жерлестерін сапалы азық-түлік, жергліікті өнімдермен қамтамасыз етуді ойлаған азамат алғашында аз-кем қиындықтарға кезіккен. Осы жолда шаруашылығын дамыту үшін "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қызылорда облысы филиалына жүгінеді. Ол жерден қазақстандықтаға арналған тиімді "Мал шаруашылығын дамыту" бағдарламасын пайдаланбаққа бел буады. Аталмыш қор ауылды жерлердегі кәсіпкерлерді өз қаржысымен қамтып, ауылшаруашылық тауар өндірушілерге жаңа жұмыс тауып, экономиканы ілгерілетуге жол ашады. Осындай мүмкіндікке қол жеткізген Нұрболат 10 бас асыл тұқымды емес аналық жылқы сатып алу үшін 4 000 000,00 теңге көлемінде несие рәсімдеп, келісім-шарт жасасайды.
–Қандай кәсіп, іс те ілгерілеу үшін жан-жақты ізденісті талап етеді. Қазіргі кезде, не істеймін десең де түрлі мүмкіндіктер қарастырылған. Мемлекет тарапынан ойыңды жанды жобаға айналдыратын түрлі бағдарламалар бар. Тек енжарлық танытатынымыз бар. Алғашында жүрексінсем де, ертеңім үшін «Тәуекел түбі – желқайық, өтесің декетесің, Уайым түбі – түңғиық, батасың да кетесің» дегендей, алға ұмтылдым», – дейді кейіпкеріміз.
Бұл несиенің 6 проценттік-жылдық сыйақысы, кәсіпті дамытуға 6 ай демалыс кезеңі қарастырылғанын кәсіпкер үлкен көмек екенін айтады.
Ауданда, ауылда жұмыс жоқ деген жаңсақ пікірді жоққа шығарған Нұрболат Әлібекұлы кәсібін жаңа бастамақ болған жерлестеріне: «Арман ойда қалмасын, оны жандандыру, жүзеге асырып, халық қажеттілігіне айналдыру қажет», – дегенді үнемі айтады. Құрықты қолға алған жігіт болашақта шаруасын шалқытып, өрісін кеңейтуді мақсат тұтып отыр.
Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ