Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сыбағаның» септігі көп

«Сыбағаның» септігі көп

Сәрсенбі күні ауданға «Сыбаға» бағдарламасындағы өзгерістерді түсіндіру мақсатында құрылған арнайы жұмысшы тобы келіп, несие алудың талаптары мен қағидалары туралы түсінік берді.
Мәжілісті ашқан аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап:
– Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы мнинистрлігі тарапынан «Етті мал шаруашылығын дамытудың 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданып, алдағы орындалуға тиісті жұмыстардың бағыты айқындалды. Осы бағдарламаға сәйкес кент, қала, барлық ауылдық округ әкімдеріне тиісті міндеттер бөлініп берілді. Аталған мақсатқа қол жеткізудің бірден-бір тетігі – несиелендіру жолдарын жолға қою, – деп «Сыбаға» бағдарламасы ауылдағы мал өсіріп отырған, оның басын көбейте түссем деген ағайынға берілген зор мүмкіндік екенін тілге тиек етті.
Құрамында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы орталық аппараты несие департаментінің бас менеджері Әсемгүл Мұстафина, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығын дамыту бөлімінің бас маманы Медет Заненов, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалының несие бөлімінің басшысы Самат Омаров, несие бөлімінің бас менеджері Үкібай Науанов және менеджер Қанат Сүйеубаевтар бар жұмысшы тобы бағдарламадағы өзгерістерге тоқталып, несиеге қол жеткізудің тиімді жолдарын егжей-тегжейлі айтып берді.
Келелі кездесуге келген ауылдық округ әкімдері мен шаруа қожалығының басшылары, мал шаруашылығымен айналысушы және кәсібін енді бастауға талап қылған азаматтар сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Ж.СОВЕТҰЛЫ
23 ақпан 2019 ж. 1 551 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 97

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930