Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Фильмдер мен бейнефильмдер өндірісі 19%-ға артты

Фильмдер мен бейнефильмдер өндірісі 19%-ға артты

Былтыр түсірілген фильмдер саны 480-нен 242-ге дейін қысқарған еді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында елімізде фильмдер, бейнефильмдер мен телебағдарламалар, сондай-ақ фонограммалар мен музыкалық жазбалар өндірісі бойынша көрсетілген қызметтер 11,7 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 18,6% -ға жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Ел аймақтарының ішінде сектордағы қызметтер көлемінің 60,3%-ы мәдени астанамыз Алматыға келеді: 7 млрд теңге. Бұл 2020 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 11% жоғары. Қызметтер көлемінің үштен біріне жуығы Нұр-Сұлтанға тиесілі: 3,7 млрд теңге. Бұл 2020 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 72,6% артық. Өзге аймақтарда қызмет құны тек 963,8 млн теңгені құрады. Қызметтер көлемінің жартысынан көбі фильмдер, бейнефильмдер мен телебағдарламалар өндірісімен байланысты болды: 6,6 млрд теңге. Көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 2,7 есе жоғары. Одан кейінгі орында фильмдер, бейнефильмдер мен бағдарламаларды тарату (3,1 млрд теңге) және фильмдердің көрсетілімдері (1,9 млрд теңге) тұр. 2020 жылы елімізде фильмдер шығаруға 45 ұйым тартылды, ал 2019 жылы елде 64 кинематографиялық ұйымдар болған. Бір жыл ішінде түсірілген фильмдер саны 480-нен 242-ге дейін азайды. Олардың көпшілігі қысқаметражды фильмдер – 218 фильм; 150 деректі фильм, 52 көркем фильм, 13 анимациялық фильм, 3 кинохроника түсірілді. Тек 24 толық метражды фильм түсірілді, оның 11-і деректі, 10-ы көркем фильм.
25 маусым 2021 ж. 713 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 238

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 128

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031