Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда интернет пен ұялы байланыс қызметтерінің тарифі қымбаттады

Қазақстанда интернет пен ұялы байланыс қызметтерінің тарифі қымбаттады

Жыл ішінде интернет тарифі 2,6, ал ұялы байланыс қызметі 1,7 пайызға қымбаттады. Бірақ, абоненттер саны қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жылдың қыркүйек айының басында Қазақстанда 24,2 млн ұялы байланыс абоненті болды. Бұл өткен жылдың дәл осындай кезеңіндегі абоненттер санынан (25,9 млн абонент) 6,5 пайызға аз. Олардың 63,3 пайызы немесе 15,3 млн-ы интернетке қосылған. Тіркелген интернет абоненттер санының да қысқаруы байқалады. Бір жылда олардың саны 1,2 пайызға, 2,5 млн абонентке дейін азайды. Ұялы байланыс және тіркелген интернет абоненттері жалпы санының төмендеуіне қарамастан Қазақстанда байланыс қызметтерінің көлемі айтарлықтай ұлғайды. Мәселен, осы жылдың қаңтар-тамызында еліміздің телекоммуникациялық компанияларының байланыс қызметінен алған кірістері жыл ішінде 8,3 пайызға артып, 574,2 млрд теңгені құрады. Өткен жылы 519,9 млрд теңге болған еді. Кірістер өсімінің негізгі себептерінің бірі интернет-провайдерлер мен ұялы байланыс операторлары тарифінің көтерілуі болып отыр. Айталық, биыл тамызда 2019 жылдың тамызымен салыстырғанда интернет тарифі 2,6, ұялы байланыс қызметтері 1,7 пайызға қымбаттады. Интернет ұсыну қызметі саласындағы телекоммуникациялық компаниялардың кірістері жыл ішінде 13,2 пайызға өсіп, 213,4 млрд теңгеге жетті. Бұл телеком нарығындағы қызметтердің жалпы көлемінің 37,2 пайызын құрайды. Дегенмен, ұялы байланыс қызметтері көлемі де өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға артып,151,7 млрд теңгеге жетіп отыр. Оның ішінде халыққа көрсетілетін ұялы байланыс қызметтері ақшаға шаққанда жыл ішінде бірден 5,1 пайызға көбейіп, 108,1 млрд теңгеге жетті. Өңірлік шекте байланыс қызметтері көлемінің 80 пайызы Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі болып тұр. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, ұялы байланыс көлемі ұялы байланыс операторлары тіркелген мекенжайлар арасында бөлінген. Атап айтқанда, Алматыдағы байланыс қызметтерінің көлемі 336,6 млрд теңгені, ал Нұр-Сұлтанда 121 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар сектордағы қызмет көрсету көлемі бойынша ТОП-5 өңірге Қарағанды (13,8 млрд теңге), Шығыс Қазақстан (13,2 млрд) және Алматы (9,9 млрд) облыстары кіреді.

06 қазан 2020 ж. 661 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930