Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Терминдерді жүйелеуді барынша жылдамдату қажет

Терминдерді жүйелеуді барынша жылдамдату қажет

ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен онлайн режімде «Терминологиялық база: тәжірибе және технология» атты республикалық әдістемелік семинар өтті. Бұл жайында аталған комитеттің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде өркениеттің қарқынды дамуы ақпараттық технологиялар негізінде терминдерді жүйелеуді барынша жылдамдатуға жетелейді. Аталған мәселені тиімді шешуде «termincom.kz» сайты қажетті платформа болып отыр. Ал барынша икемділікке қол жеткізу үшін терминологиялық база кез келген тілдік бағыт үшін іздеуді қамтамасыз етуі тиіс және терминдердің ақпараттық, лингвистикалық, техникалық сипаттамасын ашып көрсете алуы керек», - семинарды ашқан комитет төрағасы Әділбек Қаба.
Семинар барысында заман талаптарына сай ұлттық терминдер базасының құрылымы мен қызметі, оны әзірлеу жолдары, халықаралық тәжірибе талқыланды. Іс-шарада «Астана» халықаралық қаржы орталығы Әкімшілік департаменті директорының орынбасары, ҚР ҰҒА академигі Шерубай Құрманбайұлы «Терминдердің электронды мәлімет қорын жасау – терминқорды басқару мен оны тиімді пайдаланудың маңызды тетігі» тақырыбына тоқталса, бұдан кейін сөз алған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры Сәбира Исақова терминологиялық база жасаудың халықаралық тәжірибелерін сараптады.

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Нұрлан Шүленбаев «Қазақ тілінің терминологиялық базасы: тәжірибесі, бағдары, әлеуеті» баяндамасында терминографиялық еңбектердің база жасаудағы маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ аудармашы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Айнұр Баекеева «Digital Library басқару жүйесі негізінде терминологиялық база құрастыру тәжірибесі», ал Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақпараттық технология басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы «Электрондық терминологиялық қордың мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады. Семинар тақырыбы бойынша сөз алғандар терминологиялық база жасау терминдерді біріздендірудің маңызды қадамы екендігін бірауыздан атап өтті. Іс-шара соңында семинар қатысушыларына қарар жобасы таныстырылып, спикерлерге алғысхат тапсырылды.
23 маусым 2021 ж. 2 927 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 133

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031