Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде қатерлі дерттерден келетін өлім-жітім 3% төмендеген

Елімізде қатерлі дерттерден келетін өлім-жітім 3% төмендеген

Елордада балаларға арналған кардиохирургиялық орталық ашылады. Елбасы кітапханасында медицина қызметкерлерімен кездескен Вице-Премьер Ералы Тоғжанов осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз медицина қызметкерлерін даярлауға гранттар санын арттыруды көздеп отырмыз. Осылайша, пандемияға қарамастан, елде оң медициналық-демографиялық динамика сақталуда. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ана өлімі мен қатерлі аурулардан болатын өлім-жітім 3%-ға төмендеді. Әрине, бұл сандардың артында адам өмірі, медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегі тұр», - деді Ералы Тоғжанов. Оның айтуынша, бүгінде отандық медицина бірнеше бағыт бойынша халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті жүйе қалыптастырып үлгерген. «Елімізде жоғары технологиялы медициналық көмектің 78 түрі халыққа қолжетімді. Биыл біз заманауи аппаратты қолдана отырып, орталық жүйке жүйесі ауруларын емдеудің радиохирургиялық әдісін енгізуді жоспарлап отырмыз. Биыл Nazarbayev University жанынан Балалар кардиохирургиялық орталығын ашу жоспарланып отыр» - деді Премьер-Министрдің орынбасары.


16 маусым 2021 ж. 621 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 117

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 108

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30