Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Қадірлі жерлестер!
Сіздерді егемендігіміздің маңызды мерекесі – Қазақстан Республикасының рәміздері күнімен құттықтаймын!

Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың биік рухын, ұлттың салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін бейнелейтін, дархан даламыздың өткені мен бүгінін және келешегі арасындағы сабақтастықты бір арнаға сыйдыратын айрықша құндылықтар.
Бiздiң санада «бiр тудың астына бiрiгу» ұғымы текке қалыптасқан жоқ. Мемлекеттiк мерекелер мен спорттық жеңiстер сынды Отан үшiн маңызды сәттерде рәмiздер ұмыт қалған емес. Ресми халықаралық шараларда Гимн шырқалып, көк Туымыз көкке көтерiлгенде, әр қазақстандықтың жүрегiн ерекше мақтаныш сезiмi кернейдi. Біз оны әрдайым зор құрметпен ұрпақтан-ұрпаққа табыстайтын боламыз.
Ардақты ағайын!
Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде бұл күн барлық отандастарымызды біріктіріп, бүкілхалықтық мейрамға айналды. Осының арқасында еліміздің әрбір азаматының бойындағы ұлттық сана-сезім, Отанына, өз халқына деген мақтаныш пен патриотизм одан әрі дами түсуде.
Тәуелсіздігіміз баянды, бірлігіміз бекем болсын! Жігерін еңбекке жаныған халқы бар еліміздің ертеңі жарқын болғай!
Көк туымыз көкте мәңгі желбірей берсін!
Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұхтар ОРАЗБАЕВ
04 маусым 2021 ж. 1 123 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 57

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 44

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 58

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 57

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 59

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031