Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапарбаев ақтөбелік анаға мереке қарсаңында естен кетпес тосын сый жасады (фото)

Сапарбаев ақтөбелік анаға мереке қарсаңында естен кетпес тосын сый жасады (фото)

Бүгін ақтөбелік мың ананың құшағын гүлге толтырған Бердібек Сапарбаев ерекше тосын сый жасады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Алты ай бұрын Алматыға әскери борышын өтеуге кеткен ақтөбелік ананың кенжесін мерекелік кешке алдыртқан әкім қонақтарын таңғалдырды. Әскерге кеткен баласының сахнадан түсіп келе жатқанын көрген ана жылап жіберді.

Жергілікті әкімдіктің мұндай сыйынан сарбаздың анасы хабардар болмаған. Сахнадан баласының видио сәлемдемесін қарап отырған ана ортаға шақырылды. Ал сахнадан гүлмен түсіп келе жатқан баласын көрген анасы жүгіре жөнелді.
Баласын құшақтап жылай берген ана әкімге алғыс айтумен болды. Әскерде жүріп, мерекесі қарсаңында анасының қасына топ ете қалған сарбаз да тосын сый туралы бүгін ғана естіген.

"Менің қуанышымда шек жоқ. Мерекеде анамды құшақтадым. Бұл мен үшін де күтпеген сый. Бүгін командир шақырып алып хабарлады. Мен Алматы облысы Қапшағайда алты айдан бері әскери борышымды өтеп жатырмын. Бізді қуантқан адамдарды Алла қуантсын", - дейді сарбаз.
08 наурыз 2018 ж. 2 090 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 150

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 164

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930