Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұғалім мәдениеті – ұжым беделі

Мұғалім мәдениеті – ұжым беделі

“Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы” деп А.Байтұрсынов айтқандай, ең алдымен мектеп өмірінің қалыптасуына мұғалімдердің ықпалы зор. Осы орайда Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектепте “Мектеп мәдениеті мен әлеуетін жақсартудағы мұғалімнің рөлі” тақырыбында мектеп тренері Жанат Сисенбайдың ұйымдастырумен коучинг өткізілді. Коучингтің мақсаты – жалпы мектеп мәдениетінің ұжым ахуалын қалыптастырудағы маңызы, мазмұны мен алатын орны туралы түсінік қалыптастыру. Оған әсер ететін факторларды анықтау арқылы жақсартудың тиімді жолдарын қарастыру, мұғалім, оқушы және ата-ана мүддесі тұтастығының білім беру қызметіндегі маңыздылығын талдау.
Шара барысында мектеп мәдениеті – бұл ұжым мүшелерінің қабылдаған рухани, мәдени құндылықтардың жүйесі екені және өз ретінде олардың ойлауындағы, сезімдеріндегі, іс-әрекеттеріндегі негізгі ұстаным, бағдар беруші және жол сілтеуші, нәтижесінде мектептегі қалыптасқан ынтымақты орта және жағымды психологиялық жай екендігі айтылып, ішкі және сыртқы мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері слайдтар арқылы түсіндірілді. Коучингке 4 топтан құралған мектеп мұғалімдері қатыстырылып, мұғалім мен ата-ана, мұғалім мен шәкірт, мұғалім мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру туралы тың ойларымен, креативті идеяларымен бөлісе келе, мектеп мәдениетін жақсартуға байланысты ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, мұғалімдер: адалдық, әділдік, өзінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу, жалпы адами құндылықтарды сақтау, кәсіби ізденісті дамыту секілді педагогикалық әдептің негізгі қағидасын талдады.
Іс-шараны №70 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Райхан Сәдуахас қорытындылады.
Бақыткүл ЖАЙШЫЛЫҚОВА,
Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
04 қараша 2019 ж. 2 861 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930