Коронавирустан 22 адам көз жұмды
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 18 мамырдағы ақпаратты жариялады.
18 мамырдағы мәлімет бойынша, 38 151 адам коронавирус инфекциясынан (37 694 КВИ+ және 457 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 768 пациент стационарда, 24 383 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 756 адамның жағдайы ауыр,
• 192 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
16 мамырда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 50 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 54153, 863 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52833-ке жетті.