Бабалар рухына тағзым
Қымбатты қазалылықтар!
Сіздерді Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 76 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Содан бері 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында халықтың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді.
Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз.
Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді. Жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.
Біздің парызымыз – алапат соғыстағы Жеңістің қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету.
Қадірлі ардагерлер!
Сіздердің және ерлігімен есімдері тарих парағына жазылған батыр бабалардың алдында өлшеусіз қарыздармыз. Майдан даласында қаза тапқандардың рухтарына бас иіп, тағзым етеміз.
Айтулы мерекеде отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бақ-береке тілеймін!
Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ