Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған жерді тәуелсіздік түлетті

Туған жерді тәуелсіздік түлетті

Осыдан отыз жыл бұрын қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін сындарлы сәттерді басынан кешіргені баршаға мәлім. Дегенмен Елбасының сауатты да сарабдал саясатының арқасында жас мемлекет бұл тығырықтан шыға білді. Қазақстанның гүлденуі үшін қажеттілердің бәрі жасалды. Соның ішінде ауылды көркейту, жұмыссыздар санын азайтып, ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту басты орында тұрды.
Үйді жарықтандыру бірнеше жыл трактор моторымен жүзеге асырылды. Он төрт жылдан соң мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, жаңадан бағаналар орнатылды. Ауыл үйлеріне электр желілері тартылып, тұрғындардың басты сұраныстары шешімін тапқан еді. Сонымен қатар жаңадан ашылған тұщы су қондырғысы арқылы арандылықтарға таза ауызсу берілді. Содан бері «Арал-Сарбұлақ» су тарату бекеті ауызсу мәселесіне байланысты тұрғындар сұранысын қанағаттандырып, тиісті қызметін көрсетуде. Кеңес үкіметінің кезінен Аранды-Қожабақы ауылдарының аралығындағы он екі шақырымдық шешімін таппаған жол мәселесі қолға алынғанда ауыл халқының қуанышында шек болмады.
Тұрғындардың өтініш-тілектері ескеріліп, 2015 жылы заманауи типтегі мектеп салынды. №97 орта мектеп жас ұрпақ үшін қажетті оқу құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, мұнда сапалы білім алу үшін мүмкіндік мол.
Ал көпшілік жиналатын ауыл клубының ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізу үшін өткен жылы аудан әкімі қажетті қаржы қарастырды. Осыдан соң мәдениет қызметкерлерінің шабыттана еңбек етуіне сүбелі үлес қосқан бұл қамқорлыққа тұрғындар шексіз риза болды. Кейін жаңадан тұрғызылған фельдшерлік пункт бүгінде тұрғындарға қалтқысыз қызмет көрсетуде.
Былтыр қосылған жылдамдығы жоғары интернет желісі заман көшінен қалмауға септігін тигізіп отыр. Қазіргі пандемияға байланысты қашықтан оқуға көшкен мектеп ұстаздары мен шәкірттерінің кедергісіз білім алуларына жағдай жасаудың өзі үлкен қамқорлық. Бұған қоса, жыл сайын бау-бақша егу үшін ондаған гектар жер мен аяқсу мәселесінің шешімін тауып, ырзықтарын көруі де бір ғанибет.
Осылайша нарық талабы қарап отырмау қажеттігін ұғындырды. Бұған орай ауылда кәсіпкерлікті дамыту жақсы жолға қойылған. Шағын кәсіпкерлік негізінде екі екіден шаруа қожалығы мен құс шаруашылығы, үш мал шаруашылығы, төрт аралас сауда нүктесі және жолаушы тасымалы бар. Кәсіпкерлердің несие немесе қайтарымсыз грант алып, әл-ауқаттарын көтеруге еш кедергі жоқ. Яғни «Асан» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрғиса Тағыбаев 3,0 миллион теңге несие алды. Оған 13 аналық сиыр, 1 асыл тұқымды бұқа сатып алынды.
– Мал басын көбейту мен шаруашылықты дамыту мақсатында жұмыстар жүргізудемін. Шүкір, аналық сиырлар барлығы төлдеді. “Кәсіп түбі – нәсіп” деген осы. Мемлекет барлық жағдайды жасауда. Жастарға ештеңеден қорықпай кәсіп ашуға кеңес беремін. Мемлекет жұмыссыздарға қамқорлық жасайды. Ниет білдіргендерге ауыл, аудан әкімі тарапынан мүмкіндіктер қарастырылған, – дейді іскер кәсіпкер.
Тек ынтымағы мықты, ырысы мол ауыл мен ондағы осындай азаматтарына алдағы күндері игілікті ісі мен табысын әкелсін деген ниеттеміз.
Егемендікке қол жеткізген 30 жыл ішінде осы бір шағын ауылдың қалай дамып, түлегеніне жасалған қысқаша шолу осындай. Алдағы уақытта да бұдан да жақсы деңгейге жететіндігіне арандылықтардың сенімі мол.
“Тәуелсіздік – Тәңірдің, жетістігіміз – тәуелсіздіктің берген тәтті сыйы” деген осы емес пе?!

Жарылқасын ҚУАНБАЙҰЛЫ,
Аранды ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы
01 мамыр 2021 ж. 1 072 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 84

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930