Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяқсу мәселесі шешіледі

Аяқсу мәселесі шешіледі

Әр мезгілдің өзіндік ерекшелігі бар. Көктем мезгілінде шаһар көшелері ретке келтіріліп, ағаштардың түптері әдемілік үшін және зиянкестерден қорғау мақсатында әктеледі. Биыл да Әйтеке би кенті әкімдігінің бақылауымен Жанқожа батыр, Счастнов көшелерінің бойындағы талдар мен бордюрлер ақ түске боялды. Қоршаулар қыс бойғы шаңнан тазартылды. Сондай-ақ кент көркін келбеттендіретін арықтар тазартылып, аяқсу мәселесінің шешілу жолдары қолға алынды.
– Аяқсу егістікпен, дәнді-дақыл, бау-бақша егумен айналысатын еңбек адамдары үшін ауадай қажет. Жаңаауыл аумағындағы М.Ғабдуллин көшесінің бойына су келгенмен, перпендикуляр жатқан көшелерге судың келуі қиындық тудыруда. Бұл көшелерге ауызсудың да келуі нашар. Осы аумақтағы үйлерге аяқсу келіп тұрса бау-бақшалары жайқалып, өнім алуға мүмкіндік болар еді. Арнайы суайдағыш стансасын салып, оны тарту жылдамдығын жоғарылатса, жеміс өсіруге жағдай болар еді, – дейді көше тұрғыны.
Орынды ұсынысты құп көрген Әйтеке би кенті әкімдігінің мәлімдеуінше, бүгінгі таңда кенттегі өзекті мәселенің бірі аяқсу болып тұр. Осы бағытта бірқатар жобаны дайындап, қаржысын бөлуге ұсыныс берілді. Енді шешімі күтілуде. Ұсыныста суды толық көлемде жеткізу үшін қуаттылығы жоғары насостар алу мәселесі де қарастырылған.
Дегенмен кент халқының басым бөлігі №5 квартал саналатын теміржол өткелінің арғы бетінде орналасқан. Өткен жылы Әйтеке би кентінде біршама толымды шаруа атқарылып, аталған аумақтың автожолдары жөндеуден өтті. Яғни 2 спорт алаңы пайдалануға берілген болатын.
Жуырда кент әкімшілігі қызметкерлері тарапынан 2 спорт алаңының арнайы сызықтары қайта сызылып, қалпына келтірілді. Алдағы уақытта да бірнеше жоспарланған жұмыс жүзеге асырылып, тиісті шаралар қабылданатын болады.
– Кенттегі тазаланған арықтарға қоқыс тастамай қоршаған ортаны таза ұстау, әрбір азаматтың міндеті екенін ұмытпағанымыз жөн. Ауданды “Таза қалаға” айналдыру өз қолымызда. Өзіміз тазаламасақ та, қоқыстан арылтып берген жерді бүлдірмеуге үйренейік, – дейді Әйтеке би кентінің әкімі Қ.Орынбасаров.

А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
17 сәуір 2021 ж. 2 003 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031