Гүлшара Әбдіқалықова Қазалы ауданындағы бірқатар нысандарды аралады
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақтың батыс аудандарындағы жұмыс сапарын Қазалы ауданында жалғастырды. Батыс Европа – Батыс Қытай көлік дәлізінінің «Қашқан су» учаскесіндегі Көпсалалы қызмет көрсету кешенінің құрылыс жұмысымен танысты. Қазіргі таңда нысан құрылысының 90 пайыз жұмыстары біткен. Жоба құны 377 млн. теңгені құрайды. Кешеннің құрылыс жұмыстары толық аяқталған уақытта 30 адам жұмыспен қамтылады.
Аймақ басшысы Басықара ауылына барып, Ә.Тыныбаев атындағы су торабының жұмысын көрді. Сондай-ақ, ауылшаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, сол жерде шаруашылық басшыларымен кездесті. Шаруа қожалықтарының иелері және тұрғындармен ауданның ауылшаруашылық саласын дамыту мәселелерін талқылады.
Мұнан соң өңір басшысы «Рза» АҚ-ның егіс алқабына барды. Жаңбырлатып суғару тәсілімен егіліп жатқан жүгері алқабынының жұмысын назарға алды. Қазір егіс алқабында Германиядан алынған құны 41,3 млн теңге тұратын дренажды құбырлар мен 25,7 млн теңгеге арнайы соқа және испандық «RAESA» компаниясының құны 206,3 млн теңгені құрайтын жаңбырлатып суару қондырғысы бар. Жаңа технология мамыр айында толық іске қосылып, мал азықтық дақылдар өсірілмек. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа жобаның бүгінде маңызы зор екендігін айтып, өзге шаруашылықтар да қолға алу қажеттігін айтты.
«Қазір, өздеріңіз білесіздер, Сырдария өзенінде су азайып кетті. Осыған орай біз ауылшаруашылық саласын әртараптандыруды қолға алдық. Суды көп қажет ететін күріш егісін азайттық. Сондықтан «РЗА» АҚ-ның бүгінгі қолға алған жобасы өте тиімді іс деп білемін. Өзге шаруашылықтар да осы жобаны қолға алса, ауылшаруашылығында ілгерілеушілік болары сөзсіз», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Қазалы ауданындағы сапары барысында Гүлшара Әбдіқалықова аудандық ауруханаға барып, ауданның COVID-19 инфекциясына қарсы шараларын көрді. Аурухана дәрігеріне індетпен күрес жұмыстарын ұдайы назарда ұстау қажеттігін баса айтты. Вакцинациялау жұмыстарын да дер кезінде атқарып, халыққа түсіндіру шараларын кеңінен жүргізуді тапсырды.
«Қазір еліміз бойынша коронавирус инфекциясының таралуы қайта кең етек алды. Соңғы мәліметтер бойынша аймақта ең көп індет тіркелу дерегі Қазалы ауданында орын алды. Сондықтан Covid-19 вирусына қарсы күрес шараларын күшейтуді қатаң тапсырамын. Тұрғындарға вакцина салу қажет екенін жан-жақты түсіндіріңіздер. Індетті тоқтатудың барлық шараларын қарастырыңыздар», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Сол жаға магистралды каналы жанында Әйтеке би-Қазалы аралығындағы аудандық маңыздағы автомобиль жолын қайта жаңғырту жобасы әкім назарына ұсынылды. Жоба аясында автомобиль жолын 4 жолаққа дейін кеңейту, 2 темір бетон көпірін, 2 су өткізгіш құбырын қайта жаңарту, жарық шамдар мен аялдамалар орнату жұмыстары жүргізіледі. Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған, ағымдағы жылы аяқталады деп күтілуде.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мұнан соң «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығына барып, «Жол картасы» бағдарламасы аясында жасалған жөндеу жұмыстарымен танысты.
Мұнан соң облыс әкімі бастаған делегация Сырдария өзені арқылы өтетін «Қарлан» учаскесіндегі қалқымалы көпір жұмысын көрді. Аудандық маңыздағы және елді мекенішілік жолдардың жағдайымен стенд арқылы танысты. Қазіргі таңда бұл аумаққа темір бетон көпір салу жобасы мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Жобаның жалпы құны 4 536,5 млн. теңгені құрайды.
Өңір басшысы осы сапарында Өркендеу ауылдық округіндегі Көне Жанкент қалашығын да назардан тыс қалдырмады. Жанкент қалашығы Қазалы ауданындағы республикалық санаттағы археологиялық ескерткiштердiң бiрi. 2018 жылы жалпыхалықтық маңызы бар киелі орын санатына енгізілді. Жалпы аумағы 45 га жерді қамтиды. Қалашыққа 2005 жылдан бастау алған зерттеу жұмыстарымен қоса 2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің арасындағы келісім-шарт негізінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылы республикалық бюджет есебінен, қорғанның оңтүстік-шығыс қабырғаларына қайта жаңғырту (реставрация) жұмыстары жүргізілді.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Әйтеке би кентіндегі жылыжай жұмысымен де танысты. Жылыжай иесі нысанды өткен жылы іске қосқан. Кешені негізі 6 секцияға бөлінеді. Қазіргі таңда 4 секциясы салынып, көкөніс өнімдері өсірілуде. Алдағы уақыттарда 2 секцияны салу көзделуде. Жобаның жалпы құны 40 млн. теңгені құраған.
Кентте балық қалдықтарынан жем өндіру цехының құрылысы жүруде. Жоба құны 100 млн. теңге деп есептелінген. Қазіргі таңда цехқа қажетті құралдар алынған. Өндіріс осы жылы іске қосылмақ. Жылына 1056 тонна балық ұнын өндіреді деп жоспарлануда. Ең бастысы цех жұмысы басталғанда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.