Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауызды бекіткенің – денсаулықты түзегенің

Ауызды бекіткенің – денсаулықты түзегенің

«Ауру – астан» деп жайдан-жай айтылмаса керек. Қашанда халық айтса, қалып айтпайтындығы әркез дәлелденіп келеді. Ғалымдарға құлақ түрсек, дұрыс тамақтанбау, мөлшерінен тыс ас қабылдаудың және талғамсыз ауқаттанудың салдары үлкен дертке ұласады.
Қазір халық арасында асқазан, ішек, жүрек тамырлары, қант диабеті сынды аурулар көбеюде. Бүгінгі батыстық үлгідегі тамақтану үрдісі елде кең етек алуда. Мысалы, жүріп бара жатып тамақтану, фастфуд, гамбургер сияқты тез дайындалған ішінде калориясы мен холестерині көп аспен тамақтану әдетке айналуда. Химиялық қоспалармен көмкерілген газды сусындарды пайдаланудан тез салмақ қосу, ас қорыту жүйелері дұрыс істемеуі созылмалы дертке шалдықтырады.
Бұл тұрғыда ислам діні бізге үлкен жол қалдырған. Алла Тағала ешқандай ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер өткізбей-ақ, жылына бір рет келетін қасиетті Рамазан айында ораза ұстау нығметін беріп қойған. Ауыз бекітудің адам ағзасына берер пайдасы зор. Ораза ұстаудың бірқатар сырқатқа емдік көмегін ғалымдар дәлелдеген. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жасушалар жаңарып, ескілері жойылады. Қант диабетіне тосқауыл болады. Артық салмақтан арылуға әсерін тигізеді. Тері ауруларын жазады. Денедегі мөлшерден тыс тұздың ыдырауына бірден-бір көмек. Қан қоюлануының алдын алады. Ағзаны улы заттардан тазартады. Ас қорыту жүйесі дем алады, жағымсыз тәуелділіктерден арылтады және қан қысымын түсіріп, бас ауруының жазылуына пайдалы екен.
Соңғы кездері мұндай жаңалықты іске асыру бойынша Еуропада науқастарды аштықпен емдеу әдіс-тәсілі кең етек жаюда. Бұл мәселеде кезінде XIX ғасырдың аяғында физотерапия саласының майталман маманы, неміс ғалымы Эрет Арнольд оразамен емдеу орталықтарын ашқан. Жазылмайды деген науқастарды емдеп, бұл салада үлкен жетістіктерге жеткен. Сөйтіп Эрет Батыстың көптеген елі мен қалаларында өз орталықтарын іске қосқан. Эреттің ерекшелігі – Батыстың медицина саласының ең мықты 24 ғалымы оған жазылмайсың деп диагноз қойған созылмалы науқасынан ораза ұстау яғни аштықпен емделу арқылы жазылып кеткен.
Бұл жөнінде “Жанқожа батыр” мешітінің бас имамы Берік Сүлейменов тарқата айтып берді.
– Оразаның бірінші күні жүрек соғысы бәсеңдеп, қан қысымы төмендейді. Тазаланудың алғашқы күндері ең қиын болып келеді. Бас ауру, жүрек айну, ауыздан жаман иіс шығу, тілдің ауырланып, ісінуі – тазаланудың алғашқы кезеңінің белгілері. Осы кезде аштық та қатты сезілуі мүмкін, – дейді.
Оның айтуынша, адам ағзасының тазалануы төрт шаққа бөлінген. Екінші тазалану кезеңі – 3-7 күн аралығында өтеді. Ағза оразаға үйрене бастайды, ас қорыту жүйесі демалып, барлық күш тазалануға және емделуге жұмсалады. Қанның ақ түйіршіктері мен иммунитет жүйесінің белсенділігі артады. Тазалану органдары, өкпе жолдары ретке келіп, жаңалану процессі үстінде болады. Тоқ ішекте де өзгерістер болып, ішек қабырғаларына жабысқан жағымсыз заттардан ажыратылады.
Тазаланудың үшінші үдерісі – 8-15 күнді құрайды. Осы кезде өзіңді сергек сезінесің. Тазаланудың ақырғы кезі – 16-30 күнге созылады. Ағза ашығуға әбден үйреніп, ой-санаңыз тынығады, есте сақтау қабілеті артады. Өзін әртүрлі ауру қоздырғыштарынан тазалағаннан соң органдар екі есе тез жұмыс жасап, жойылған жасушалар орнын толықтырады.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
14 сәуір 2021 ж. 1 862 0

Байқаңыздар, балақай!

28 желтоқсан 2024 ж. 87

Форум: Прогресс һәм жастар

28 желтоқсан 2024 ж. 87

Елдігімізді танытқан ерен жыл

27 желтоқсан 2024 ж. 124

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031