Қауіпсіздік – қаруым
Экономиканың жаңғыруы мен дамуына жоғары технологиялық инфрақұрылымның әсері мол екені белгілі. Соның ішінде бүгінде электр энергиясына деген тәуелділік артты. Жүк тасымалы көлемін жыл санап арттырып келе жатқан Қазалы теміржолы тек электр энергиясымен тіршілігін жандандырып отыр.
Жалпы Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясының 3 бөлімшесі бар. Ондағы өз ісінің мамандары ЭЧС Қазалы бастығы А.Раматолла, Сексеуілде Ә.Жұмақов, Қоскөл-Сексеуілде Е.Тұрсынбаев "Құрметті теміржолшы" белгісінің иегерлері атанған.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
Осы тұста теміржол бойын электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған мамандар міндетін түсіну қиын емес. Абайсызда жасалған қателік өмірмен өлшенетін мекеме қызметкерлерінің дені – тәжірибелі мамандар. Біз қаузап отырған "ЭЧ-26" Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясының тарихы сонау ХХ ғасырдан бастау алады. Содан бері жүз жылға жуық Қазалы станциясы мекемелері мен теміржолшылардың тұрғын үйлерін электр энергиясымен қамтамасыз етіп келеді.
"Өткенсіз, бүгін, бүгінсіз ертең жоқ" дегендей, мекеменің өсіп-өркендеуіне аға буын зейнеткерлер: К.Аманов, С.Садақбаев, "Құрметті теміржолшы" белгісі иегерлері З.Ибнажипов, Ж.Жалмағамбетов, Н.Әлібекова, Б.Жанұзақов сүбелі үлес қосқан.
Дегенмен талай тарих тоғысынан өткен мекеме әр уақыттары өзгеріске ұшырап, жаңа атауға ие болып отырды. Қазіргі күні "ЭЧ-26" Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясы 2016 жылы сәуірде Сексеуіл-Жезқазған теміржолының іске қосылуына орай ашылды. Дистанция директорлығына Асқар Алмағамбет тағайындалған болатын. Мекеменің негізгі міндеті Төретам стансасынан бастап Қазалы, Арал, Сексеуіл, Жезқазған бағытындағы Қоскөл стансасына дейінгі аралықты электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге және де теміржол бойындағы электр қондырғыларының қалыпты жұмыс істеуіне жауапты. Қызмет ету аймағында 56 трансформатор подстанциясы және 17 дизельді-генератор орналасқан. Энергожүйеде электр қуаты түрлі себеппен болмай қалған жағдайда немесе келіп тұрған қуаттың сапасы нашарлағанда аралықтағы барлық электр қондырғылары мен теміржолдың светафорларын электр қуатымен осы дизельді-генератор қамтамасыз етеді. Маңызды жұмысты жауапты атқаратын мекеме басшысы Асқар Алмағамбетттің теміржол қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне және дамуына қосқан көп жылғы еңбегі бағаланып "Құрметті теміржолшы" белгісімен, "Құрметті энергетик", "Ерен еңбегі үшін" медальдарымен марапатталған.
Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясының негізгі қызметкерлері мен жұмысшылары өмірлік тәжірибесі мол, сауатты қызметіне жауапкершілікпен қарайтын жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрген азаматтар бар. Олар "Үздік маман" атанған бас инженер А.Тлеулин, мекеме басшысының орынбасары Ғ.Дінахметов, кәсіподақ төрағасы аға электромеханик Ж.Елжас, техникалық бөлім басшысы Ә.Өтегенов, аға электормеханиктер: Ә.Сембай, Д.Аманов, М.Төребеков, Е.Жәли.
Жалпы Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясының 3 бөлімшесі бар. Ондағы өз ісінің мамандары ЭЧС Қазалы бастығы А.Раматолла, Сексеуілде Ә.Жұмақов, Қоскөл-Сексеуілде Е.Тұрсынбаев "Құрметті теміржолшы" белгісінің иегерлері атанған.
– Мамандарымыздың бәрі мықты, тәжірибелі. Жұмысқа жауапкершілікпен қарайды, қай уақытта да күн-түн атқаратын іске күш-қуаттарын жұмсауға әзір. Әр маман жаз мезгілінде тексерген желі көздерінің келесі көктемге дейін ақаусыз жұмыс істеуіне жауап береді. Сондықтан немқұрайлыққа жол жоқ», – дейді ЭЧС Қазалы бастығы А.Раматолла.
Кәсіподақ төрағасы аға электромеханик Жеткербай Елжастың айтуынша, Қазалы теміржол ауданаралық электр жүйесі бөлімшесінде 30 адам екі ауысыммен күн-түн жұмыс істейді. Бірі күндіз түсіп, бір күн демалса, екіншілері түн келіп межеленген аумағында қызметін өтеген соң екі күн тынығады. Себебі бұл бөлімшедегі білікті мамандар жауаптылығы зор. Олар дизельді-генератор мен арнайы трансформаторлардың ақаусыз Төретам стансасынан бастап Қазалы, Арал, Сексеуіл, Жезқазған бағытындағы Қоскөл стансасына дейінгі аралығында теміржол жұмысын электрмен жабдықталуына жауап береді. 27 трансформатордың қалыпты қызмет етуіне жауапты бөлімшеде 6 дизельді-генератор орналасқан. Бұл қуаты жоғары құрылғыларға күн-түн қадағалайтын бөлімшеде электромеханиктер: М.Төребеков, Д.Аманов, Б.Тасқараев, А.Сағымбаев, кезекші электромонтерлер Б.Өтеулі, М.Рамберді, Б.Құсанов, Ж.Күзембаев, дизельді-генератор машинистері А.Қартақ, Д.Сембаев, Б.Днахметов, Р.Әлімов, тарнсформаторға жауапты электоромонтерлер Д.Жанзақов, С.Оспанов, А.Қалила тер төгеді. Бұлармен қатар 165 шақырым жоғары кернеулі әуе желілеріне жауапты электромонтерлер М.Көшеров, А.Досмағамбетов, Қ.Сағындықов, Ж.Дәрібаев, Н.Рсалиев, Р.Сералиев, тағы басқалары және контролерлер: Н.Еселбаева, А.Бозғұл, А.Жұмамұратов, жүргізушілер: И.Медетяров, Қ.Латыпов күш-мүмкіндіктерін халық игілігі үшін аянбай жұмсауда. Сондықтан мұндағы әр қызметкер «Қауіпсіздік – қаруым» деген ұранмен жұмыс істейді десек, қателеспейміз.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА