Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарықтағы жаңа тариф

Жарықтағы жаңа тариф

Өткен жұмада облыстық монополияға қарсы департамент пен «Дәулетэнерго» ЖШС электр энергиясымен жабдықтау қызметінің хабарламасын талқылауға арналған жария тыңдау өткізді.
Басқосуда 2020 жылдың 5 наурызынан бастап электр энергиясының орташа босатылу бағасының жобасы туралы «Дәулетэнерго» ЖШС директоры Қуанышбай Ердіқалықов пен облыстық монополияға қарсы департамент басшысы Гүлмира Өтегенова тұрғындарға түсіндірме жүргізіп, электр энергия бағасын көтерудің басты себебіне тоқталды.
– «Қоғамдық маңызы бар нарықта да баға қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығына сәйкес, 2020 жылдың 29 қаңтарда ұсынылған «Дәулетэнерго» ЖШС электр энергиясымен жабдықтау қызметі бағасын 2020 жылдың 5 наурызынан бастап өзгертуге мәжбүр болып отыр.
Сөйтіп электр қуатын орташа босату бағасы 1кВт.сағ ҚҚС – мен 20,61 теңгеге жетті. Бұл қазіргі қолданыстағы 1 кВт.сағ ҚҚС – мен 18,21 теңге тарифімен салыстырғанда 13,1 процентке көтерілгендігін көрсетеді.
Аталған жағдай өндіретін электрстанциялардың электр энергиясы 5,7 процентке, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсететін қызметі құнының 30,4, «КЕГОК» АҚ-ның желілері бойынша электр энергиясын беру бағаларының 12,1 процентке өсуіне байланысты туындап отыр, – деді Г.Өтегенова.
Жиын барысында жарық мәселесіне қатысты жергілікті тұрғындар басшыларға ұсыныстарын жеткізді. Талқылауға қарапайым халықпен бірге билік өкілдері де атсалысып, айтылған ұсыныс пен пікірлер алдағы уақытта шешімін тапса деген өтініштерін білдірді.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
18 ақпан 2020 ж. 1 402 0

Ісін сүйген, ұтылмайды

05 сәуір 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930