Санаулы жылдардан кейін әлемде ең ірі қоқыс өңдейтін зауыт ашылады
2020 жылы Дубай қаласында қуаты 185 МВт-ты құрайтын қоқыс өңдейтін әлемдегі ең ірі зауыт салынады. Қоқыстың 60 %-дан астамыэлектр энергиясына айналдырылады. Бұл 120 мың үйді электр энергиясымен қамтамасыз етуге молынан жетеді. Айта кету керек, Дубайда күніне шамамен 8000 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығады. Ал аталған зауыттың қуаты күн сайын 5000 мың тонна қоқысты электр энергиясына айналдыра алады. Әлемдегі аса ірі қоқыс өңдейтін зауыт құрылысына 2 гектар жер бөлінген. Сондай-ақ, оның құрылысына белгиялық және швейцариялық құрылыс компаниялары да атсалысады. Аталмыш жобаның құрылысы алдағы айда басталады. Аталмыш жоба Дубай қаласын дамытудың «Таза энергия» деп аталатын стратегиясына байланысты қолға алынып отыр. Бұл стратегия бойынша Дубай тұрғындары тұтынатын энергияның 75 пайызын табиғи қуат көзінен алу көзделген. 2050 жылға белгіленген меже бойынша.