Қызылордада күн және жел электр станциясы іске қосылды
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде күн және жел электр станциясы іске қосылды.
Салтанатты шарада Басқарма Төрайымы-Ректор Бейбіткүл Каримова мен Әль-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Темірхан Қойшиев станциясының лентасын қиды.
Университет оқытушылары 2017 жылдан бастап «GeKaVoc-«Қазақстандағы логистика, мехатроника және тұрақты энергиямен жабдықтау үшін кәсіби және техникалық оқыту технологияларын беру» Халықаралық Қазақстан – Герман бірлескен жобасына қатысады.
Жобаны Германияның Федералды Білім және ғылым министрлігі қаржыландырады. Жоба қаражатына университеттің бесінші оқу ғимаратының аумағын электрмен қамтамасыз ететін қуаты 5 кВт гибридті электр станциясы сатып алынды.Осы электр станциясының базасында университеттің «Электр энергетикасы және өміртіршілік қауіпсіздігі» кафедрасында «Жаңартылатын энергия негізіндегі энергия үнемдеу технологиялары» атты ғылыми-зерттеу зертханасын ашу жоспарлануда.
Салтанатты шара «Энергия және ресурс үнемдейтін технологиялар: тәжірибелер мен перспективалар» III халықаралық онлайн–конференциясына ұласты.