Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауқымы кең өндіріс

Ауқымы кең өндіріс

Осыдан 21 жыл бұрын білікті басшы Самұрат Имандосовтың ықпалымен Қазалыда «РЗА» акционерлік қоғамы құрылған болатын. Содан бері қарқынды дамып, жыл өткен сайын материалдық-техникалық базасы нығайды. Бүгінде азық-түлік өнімдерін өндіру мен халыққа қызмет көрсету аясын жан-жақты ұлғайтуда. «РЗА» АҚ – Сыр өңіріндегі тынымсыз қызмет жасап келе жатқан, қуатты техникалық және өндірістік базасы бар, жеке темір жол тұйықтары мен жоғары дәрежелі инженерлік-техникалық қызметкерлерлермен қамтылған бірден-бір ­мекеме.
Осыдан 21 жыл бұрын білікті басшы Самұрат Имандосовтың ықпалымен Қазалыда «РЗА» акционерлік қоғамы құрылған болатын. Содан бері қарқынды дамып, жыл өткен сайын материалдық-техникалық базасы нығайды. Бүгінде азық-түлік өнімдерін өндіру мен халыққа қызмет көрсету аясын жан-жақты ұлғайтуда. «РЗА» АҚ – Сыр өңіріндегі тынымсыз қызмет жасап келе жатқан, қуатты техникалық және өндірістік базасы бар, жеке темір жол тұйықтары мен жоғары дәрежелі инженерлік-техникалық қызметкерлерлермен қамтылған бірден-бір ­мекеме.
Бүгінгі таңда Ресей, Украина, Белоруссия, Тәжікстан, Түркіменстан мемлекеттеріне ақталған жоғары сапалы күріш экспортқа жіберіледі. Бұған қоса Қызылорда, Байқоңыр, Ақтөбе, Шымкенттен де сұраныс бар. Сапалы өнім қай жерде де тұтынушысын табады деген осы.
Күріштің сапасы өте жоғары. Ресейдің «янтар» деген күріші жерсіңдірілді. Нәтижесі де жаман емес. Мұнда жер жыртып, еккеннен бастап, тұтынушыға жеткенге дейінгі барлық үдеріс мұқият қадағалаумен атқарылады. Оңтүстік Кореядан алдырған күріш өңдейтін зауыты үздіксіз жұмыс істеуде. Ол сағатына 5 жарым тонна күріш тазалап шығатын қуатқа ие.
– «Рза-Асыл түлік» ЖШС-де малдың бәрі топтастырылған. Бұл Қазақтанның индустриалдық даму картасының белсенді қатысушысы болып табылады. Аталмыш бағдарлама шегінде кәсіпорын 2010 жылы ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырды.
Экспортқа бағытталған сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша типтік жобадағы тауарлы сүт фермасы және ауысымына 30 тонна сүт өңдейтін зауыт салынды. Кешен 2011 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Серіктестіктің негізгі қызмет түрі – асыл тұқымды мал шаруашылығы, ет және сүт өндіру және оны өткізу болып ­табылады.
2010 жылы Венгриядан 650 бас голштинофриз асыл тұқымды қашар әкелінген болатын. Қазіргі таңда олардың саны 1600 басқа жетті. Әрбір сауын сиырдан жылына 8540 литр сүт сауылып, 6150 тонна өнім өндіріледі. Кешенге қажетті заманауи құрал-жабдықтар Голландия, Ирландия, Германия мен Италия мемлекеттерінен алынған. Мұндағы негізгі қызмет – сүт өнімдерін өңдеу және сату. Тәулігіне 30 тонна сүт өңдейтін зауыт Еуропаның озық технологиялық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Зауытта пастерленген және ультрапастерленген сүт, айран, қаймақ, йогурт, ірімшік, сарымай, құрт өнімдері шығарылады. Тәулігіне 18 тоннаға жуық сүт өндіреді. Бұндай өніммен Еуропаның кез келген елімен бәсекелесе алады десек артық емес. Сүт өнімдері Қызылорда облысының аумағымен бірге Байқоңыр қаласы, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Шымкент облыстарында сатылуда. Қоспасыз сүт табиғи әрі таза өнім санатында, – дейді “РЗА-Асыл түлік” ЖШС-нің директоры Жеңіс Қарабалаев.
«Рза-Транс» ЖШС акционерлік қоғамның барлық бөлімшелерін өндірістік мақсатқа пайдалану үшін қажетті техникалармен қамтамасыз етеді. Онда ауыл шаруашылығы және құрылыс саласына қажетті қазіргі заман талабына сай техникалар жұмылдырылған. Жер қазуға және жүк көтеруге арналған машиналар, түрлі мақсатқа пайдаланылатын механизмдер бар. Қосымша механикалық жөндеу шеберханасы жұмыс жасайды. Онда түрлі техникаларды жөндеу жұмыстары және басқа да қажетті қызметтер көрсетіледі. Шеберхана аумағында қосалқы бөлшектерді сақтайтын қойма, техникаларға арналған жабық гараж, түрлі бейнедегі токарь станоктары бар.
Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарын жанар-жағармаймен қамтамасыз ететін дизельдік отын, нигрол, дизельдік май сақтайтын мұнай резервуарлары бар. Басты мақсат – Қазалы ауданын тұрақты түрде жанар-жағармаймен қамтамасыз ету. Бұл күні рзалықтар талап үдесінен шығып отыр. Ең алдымен нан өнімдерімен айналысқан акционерлік қоғам «Рза-Нан» ЖШС-нің өндірістік цехы еуропалық стандартқа сай құрылғылармен жабдықталған. Өнімді өндіру қуаттылығы 3200 келіден асады. Нан және кондитерлік өнімдердің 40-қа жуық түрі дайындалады. Оның құрамына шұжық цехы да кіреді.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

20 наурыз 2021 ж. 2 506 0

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 72

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 57

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031