Зерттеулер пысықтала түссе
Маман ретінде Кіші Арал теңізін қайта қалпына келтіру «САРАТС-2» жобасы жайлы ұсыныс-пікірлерді үнемі қадағалап жүремін. Жақында телеарнадан осы сала маманы С.Смайлов Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу мәселесіне байланысты екі нұсқа айтты. Бірінші нұсқа бойынша Кіші Арал теңізінің деңгейін Балтық теңізі системасымен 42-ші метрден 46-шы метрге жеткізу болса, екінші нұсқада теңіздегі су деңгейін 42 метрлікте ұстап қалып, Сарышығанақ бөлігін 50 метр деңгейге жеткізу қарастырылып жатқанын айтты. Бұдан бұрын да «Көкарал» бөгетінің деңгейін өсіріп, Кіші Арал теңізін біртұтас 50-ші метрге жеткізу сөз болғанын газеттерден оқып білгенбіз.
Теңіздің деңгейін көтеруге үлкен есеп-қисап керек болады. Себебі қателікке жол берген жағдайда үлкен орны толмас шығын болуы мүмкін. Бұны айтып отырғаным, Кіші Арал теңізінің су деңгейін қандай есеппен 46 метрге немесе 50 метрге жеткізу қажет деп шешуде. «Арал теңізінің зерттелу тарихынан» Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі, география ғылымдарының докторы, профессор, СССР География қоғамының толық мүшесі Ә.Бейсенованың мына зерттеуіндегі мәліметтерге зер салайық:
1946-1950 жылдарда Арал теңізінің көлемі 66 мың км2, теңіздің су балансының кірісінде өзен суларының үлесі 52 км3, атмосфералық жауын-шашын – 5,3км3, булануға кететін шығыны – 57,7км3 болған. Түсінікті болу үшін осы цифрларды былайша өрнектейік.
Бір жылдағы буға ұшатын су шығынының қалыңдығын (Н1мм) табуымыз керек, 57,7 миллиард текше метр су шығынын 66,0 миллиард шаршы метр көлеміне үлестіргенде 57,7:66=0,874 метр немесе Н1=874 мм болады. Сол сияқты бір жылдағы өзен сулары шығынының қалыңдығын (Н2мм) анықтау қажет. 52,0 миллиард текше метр су шығынын 66,0 миллиард шаршы метр көлеміне үлестіргенде 52,0:66,0=0,788 метр немесе Н2=788 мм болады. Ал бір жылдағы жауын-шашын суының қалыңдығы (Н3мм)5,3:66,0=0,086 метр немесе Н3=86 мм болады. Пайыздық көрсеткіш есебімен айтатын болсақ, бір жылдағы буға ұшатын су шығынын 100% десек, өзен суының баланстық үлесі (788:874)х100%=90,16%. Сол сияқты жауын-шашын суының баланстық үлесі (86мм:874м)х100%=9,84%. Кіші Арал теңізіне Сырдария өзенінің аяғындағы «Ақлақ» плотинасы арқылы ағып жатқан судың бір жылғы шығынын үлкен Арал теңізіне «Көкарал» бөгетімен жібермей ұстап қалған кезде теңіздегі судың деңгейі қазіргі 42 метрден қанша биіктікке көтерілуі мүмкін екенін есептеу қажет. Ол үшін Көкарал бөгетіндегі 9 есікті имараттан үлкен теңізге ағып жатқан бір жылғы судың көлемін 90,16%-ке азайтып, Кіші Арал теңізіндегі судың деңгейін 42 метр деңгейліктен жоғары болатын жайылма судың деңгейіндегі тереңдігін анықтап алу керек. Қолда нақты дерек болмауы себепті мысал үшін «Көкарал» бөгетінен үлкен теңізге бір жыл ішінде 2,84 миллиард текше метр су шығыны болады делік (10х9х86400х365=2,84) Бұл жерде:
- 10 бір есіктен ағатын судың шығыны (м3/сек),
- 9 «Көкарал» бөгетіндегі имараттың есіктер саны (дана),
- 86400 бір тәуліктегі уақыт (секунд),
- 365 бір жыл ішіндегі тәулік саны.
Олай болса, баланстың үлесі пайыз есебімен (2,84х90,16):100%=2,56 миллиард текше метр болады. Тағы да мысал үшін, болатын су айдыны аумағы 50х60=3000 км2 немесе 3,0 миллиард шаршы метр деп алсақ бір жылғы жиналған судың баланстағы қалыңдығы (Н2) 2,56 миллиард текше метр суды көлеміне үлестірген кезде 2,56:3,0=0,853 метр немесе 853 мм болады. Ол кезде «Көкарал» бөгетінің алдындағы Кіші Арал теңізінің деңгейі 42,0+0,853=42,853 метр болып шығады. Айтып жүрген 46 немесе 50 метр деңгейіміз ойлануға тура келетін мәселе. Сол үшін жобалау мекемелері жобаны қайта қараған дұрыс болар еді.
Екінші нұсқаға байланысты маман ретінде мынаны ұсынар едім:
Сырдария өзенінің Аманөткел елді мекені тұсындағы бұрыннан бар темірбетон плотинасын қайта жөндеуден өткізіп, өзен суының деңгейін 57-58 метрлік деңгейге жеткізу қажет. Сол кезде өзеннің оң жақ беткейіндегі Қамыстыбас және сол жақ беткейіндегі Ақшатау көлдер жүйесіне тұрақты су деңгейін ұстап тұруға болады. Сырдария өзенінен Қамыстыбас көлдер жүйесі және Қамыстыбас көлінен Кіші Арал теңізіне ертеректе Тоқбай арнасы, әрі қарай сай, жыралар арқылы судың аққан жолымен 25-30 шақырым канал қазып, Арал қаласының шығысындағы «Тасбөгет» арқылы Кіші Аралдың Сарышығанағына су жеткізуге толық мүмкіндік болады. Сарышығанақтың Кіші Арал мен арадағы «Үшшоқы» деген теңіздің тарылған жеріне 2,5-3,0 шақырым бөгет тұрғызып, су деңгейін 50-52 метрге жеткізуімізге болады. Бұл ұсынысты бекерден-бекер айтып отырған жоқпын. 1991 жылы Кіші Аралдың Сарышығанақ бөлігін «Союзгипрорис» жобалау институты Аманөткел елді мекенінен төмен 5-6 шақырым Сырдария өзені арнасына плотина арқылы «Сарышығанақ» каналымен секундына 100 текше метр су жеткізу жобаланған. Сол жобаның құрамында Кіші Арал мен «Сарышығанақтың» аралығын бөліп, плотина тұрғызу арқылы «Сарышығанақтағы» судың деңгейін 52 метрге жеткізу қарастырылған. Бөгеттің алдындағы су деңгейі Кіші Арал теңізіндегі су деңгейімен салыстырғанда, 52-42=10 метр жоғары болады. Мұндай тәсіл арқылы Арал қаласына Сырдария суын жеткізумен қатар «Үшшоқы» бөгеті тұсынан шағын су-электр стансасын (ГЭС) салып, ағын суды Кіші Арал теңізіне жібереміз. Артық суды Көкарал мен Ақбасты аралығындағы бұрынғы су басқан іздікпен үлкен Тұщыға құлатуға болады.
Бұл тәсілдің ерекшелігі мынада:
1. «Көксарай» су реттегіш су қоймасының бітуіне байланысты Сырдария өзені арнасында ерте көктемде және күзде су тасқыны болмауы мүмкін. Ондай жағдайда көлдер жүйесінде өз дәрежесінде су болмайды. Ал екінші тәсілді қолға алғанда Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесінде тұрақты су деңгейін ұстауға болады;
2. Қамыстыбас пансионатындағы адамдардың таза ауамен және таза сумен демалуына мүмкіндік береміз;
3. Сарышығанақтағы судың айналуы әсерінен ондағы табиғи ортаның жақсаруы, балықтардың өсіп-өнуі артады;
4. Арал қаласына таза өзен суының деңгейін жеткіземіз, шағын су кемелері қатынасы орнайды;
5. Экологиялық таза электр қуатын өндіруге болады.
Сырдария өзені арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу жобасының 2-ші кезеңінде осы мәселелер ескеріледі деген үмітім бар.
Әбдрасулла ЖҰБАНБАЕВ,
зейнеткер,
инженер-гидротехник,
Қазақстанның құрметті құрылысшысы.