Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды

Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды

Жақсылық істердің жаршысына айналған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Қызылорда облысында да жалғасын тапты. Президент бастамасымен қолға алынған марафон ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылуда, деп хабарлайды egemen.kz.
Сыр еліндегі игі істер марафоны халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында 1000 отбасыға қуаныш сыйлады. Облыстық басқармалар мен қала әкімдігі тарапынан 700 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілсе,  кенттер мен ауылдық округ әкімдіктері 300 отбасыға азық-түлік өнімдерінен құралған әлеуметтік пакеттер таратты.
Ортақ  істерге топтасып, көпбалалы отбасыларға қуаныш сыйлауға “Бақытты отбасы” қызметкерлері, “Сыр аналары” альянысының бірқатар ерікті аналары және Қызылорда облысының волонтерлар фронт-офисы еріктілері жұмылды.
Мереке қарсаңында әрбір отбасыға таратылған әлеуметтік себетте ең қажетті күн сайын тұтынатын өнімдер топтастырылған. Айталық, ұн, күріш, макарон, май, шәй өнімдері.
Игі істерге жол ашатын «Қайырымды істер марафоны» Алғыс айту күнінде бастау алды және әрі қарай жалғасатын болады.
Айта кетейік, Қызылорда облысында өткен жылы бюджеттен тыс қаражат көздерінен әлеуметтік жағдайы төмен отбастарына 1 млрд 634 млн теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді. Ал, бастамашыл топ «Syr Volonterlary» орталығы азаматтық қоғам институттары, жастар ұйымдары және меценаттармен бірлесіп 521 қайырымдылық шара өткізіп, 19669 адамға көмек берілді.
07 наурыз 2021 ж. 2 851 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031