Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутаттар Қазалы пайдалану вагон депосында кездесу өткізді

Депутаттар Қазалы пайдалану вагон депосында кездесу өткізді

Қазалы аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депуаттық фракциясының мүшелері сайлаушылардың талап-тілектерін тыңдау мақсатындағы кездесу жұмыстарын жалғастыруда.
Осы ретте аудандық мәслихат депутаттары Талғат Әліпбаев пен Нұркен Ботабаев «Теміржолшы» бастауыш партия ұйымы орналасқан Қазалы пайдалану вагон депосының ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында халық қалаулылары өздерінің сайлауалды уәделерінің орындалу барысына жан-жақты тоқталып, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен баяндады. Сонымен қатар алдағы кезеңге жоспарланған маңызды бастамалар мен жобалар да тілге тиек етілді.Еркін форматта өткен жиында сала қызметкерлері көкейлеріндегі сауалдарын қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Депутаттар тарапынан әрбір ұсыныс назарға алынып, тиісті бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Кездесу соңында теміржол саласының өкілдері ел игілігі жолында атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, аманаттық депутаттарға алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

#AMANAT
24 сәуір 2026 ж. 49 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930