Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарға БЖЗҚ-дағы жинақтарын 100 пайызға дейін жеке басқаруға беруге рұқсат етілмек: Ұлттық банк пікірі

Қазақстандықтарға БЖЗҚ-дағы жинақтарын 100 пайызға дейін жеке басқаруға беруге рұқсат етілмек: Ұлттық банк пікірі

Қазақстандықтарға БЖЗҚ-дағы жинақтарын 100 пайызға дейін жеке басқаруға беруге рұқсат етілмек: Ұлттық банк пікірі
Фото: depositphotos.com
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 пайызына дейін жеке басқарушы компанияларға бере алады. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мұндай мүмкіндікке баға беріп, оның артықшылықтарын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұлттық банкте өткен брифингте Сүлейменовке: "Егер қазақстандықтарға барлық зейнетақы жинағын жеке портфельдерге аударуға мүмкіндік берілсе, бұл реттеуші осы ақшаны тиімді басқара алмай отыр дегенді білдірмей ме?" деген сұрақ қойылды.
"Бұл соманы 100 пайызға дейін ұлғайту мен үшін қисынды көрінеді. Әр адам таңдау жасауы тиіс: неғұрлым консервативті БЖЗҚ-да қалдыра ма, әлде неғұрлым агрессивті позиция ұстанатын, яғни жоғары табыстылықты көздейтін, бірақ сонымен бірге тәуекелдері де жоғары қандай да бір қорға бере ме, әлде орташа бір нұсқаны таңдай ма – өзі біледі. Бұл, меніңше, кез келген азамат өз еркімен қабылдай алатын шешім және бұған кедергі келтірудің қажеті жоқ", - деп жауап берді Тимур Сүлейменов.
Ұлттық банк басшысы шағын зейнетақы қорлары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қарағанда жақсырақ табыстылық көрсетуі мүмкін екенін мойындады. Өйткені 27 триллион (БЖЗҚ-дағы жинақ сомасы – ред. еск.) мен 20 миллиардты (жеке қорлардағы сома – ред. еск.) басқару әртүрлі тәсілді талап етеді.
"Портфель шағын болған кезде шешім қабылдауда әлдеқайда икемді әрі жедел боласың. Жағдайға қарай портфельді тезірек қайта құрылымдауға болады. Бұл да бір артықшылық. Сондықтан, егер заңнамалық деңгейде мұндай шешім қабылданса, бұл болашақ зейнеткер ретінде бізге де таңдау мүмкіндігінің көптігі тұрғысынан көмектеседі деп ойлаймын. Сонымен қатар бұл бағалы қағаздар нарығына да септігін тигізеді. Яғни, портфель басқарушылары көбейген кезде, олар табыстылық пен нарықтың өзін әртүрлі бағалайтын болады", - деп толықтырды Ұлттық банк төрағасы.
Сүлейменовтің айтуынша, егер жеке қорлар көбейсе, бәсекелестік пен активтердің көп мөлшерін басқару есебінен олар қазақстандық зейнеткерлерге көбірек табыс әкелуі мүмкін.
"Бұрын бұл нарық болған жоқ, енді пайда болады. Бұл жақсы емес пе? Қосымша компаниялар пайда болады, онда 20-50 адам жұмыс істейді. Бұл – айтарлықтай жоғары сапалы жұмыс орындары. Нарықтың тереңдеуі, сараптаманың кеңеюі. Яғни, меніңше, бұл зейнетақы секторы да үлкен жұмыс беруші, ЖІӨ құрылымындағы маңызды элемент. Ол делдалдық рөл атқарудан бөлек, өз бетінше жұмыс беруші және салық төлеуші ретінде де маңызды. Сондықтан бұл оң нәтиже береді деп есептеймін", - деп түйіндеді Тимур Сүлейменов.
Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова қазіргі уақытта зейнетақы активтерінің бір бөлігін бес жеке компания басқаратынын басқарып отырғанын, бірақ олардағы қаражаттың жалпы көлемі "әзірге аса көп емес" екенін айтты.
Еске сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға беру ережелерін өзгерту мүмкіндігі талқыланып жатыр. Бұған дейін салымшылар өз жинақтарының тек 50 пайызын басқаруға бере алатын. Жаңа тәсіл барлық қаражатты - 100 пайызға дейін жеке басқаруға аудару мүмкіндігін қарастырады.
24 сәуір 2026 ж. 52 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930