Жолдау – болашақ кепілі
Қызылорда гарнизонындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі «Әскери-техникалық мектебінің» Қызылорда қаласындағы филиалының басшылық құрамы және курсанттарымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда қаласындағы әскери-техникалық мектебінің директоры, Рахметулла Мұхамбетовтың басшылығымен Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін әскери-мектептің басшылық құрамы мен азаматтық қызметкерлеріне және курсанттарына жеткізу бойынша кездесу өтті. Кездесу барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормалар сақталды.
Жиын барысында мектеп директоры Жолдаудағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының: «Басты міндет әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу. Сондай-ақ, дағдарыстар мен іргелі өзгерістер кезінде, біз, керісінше шыңдалуымыз қажет. Қазақ елі жаңа әлемде өзінің лайықты орнын алуға тиіс», – деген сөздерін негізге алу керектігін, жолдауда айтылған нақты мәселелер мен басымдылықтарға тоқталу жөнінде атап өтті.
Халыққа жүктелген басты талаптар мен тапсырмалар жеткізілді. Қазақстан Республикасының жеткен жоғары жетістіктері, әлем таныған мемлекет болып қалыптасқанымыз және әлі алда талай белестер күтіп тұрғаны сөз болды. Жолдауды жеткізу мен жеке-жеке түсіндірме жұмыстары мектеп қызметкерлері мен курсанттарына серпін берді.
Жиын соңында мектеп директоры жеке құрамды қызметтік міндеттерін абыроймен атқаруға, ал курсанттарға алған білімдерін алдағы уақытта елімізді қорғау саласына сарп етуге шақырды. Жолдауды кеңінен түсіндіретін осындай кездесулер Қызылорда гарнизонының барлық мекемелері мен әскери бөлімдерінде жүргізілуде.
Мұхит ҚОНАРОВ,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант