Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскери-техникалық мектептің түлектері қарудан оқ атты

Әскери-техникалық мектептің түлектері қарудан оқ атты

Қызылорда гарнизонында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі «Әскери-техникалық мектебінің» курсанттары қарудан оқ атты.
Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебінің 14 сарбазы санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып, өздерінің әскери ант қабылдау рәсімі алдындағы кезекті қарудан оқ ату іс-тәжірибесінен өтті. Тактикалық дайындық пен қаруды қалай қолдану керектігін меңгерген сарбаздардың көрсеткен нәтижелері алғашқыларына қарағанда әлдеқайда жоғары. Аз уақыт ішінде әскери тәртіппен танысып, түрлі әскери теориялық сабақтарды оқып үйренді. Оқыған білімдерін, тәжірибе жүзінде қолданып жатқан сарбаздардың жүзінен қуаныш сезімдерін байқауға болады. Ал, жастық шағында әскери өмірге қызыққан біраз түлектер алдағы бір аптадан кейін өтетін әскери ант қабылдау күнін асыға күтуде.
«Осы мектептің офицерлері өз ісінің нағыз маманы дер едім. Бізді осы 40 күн ішінде Отан сүйгіштікке, патриотизмге және әскери өмірге практикалық, теориялық тұрғыдан өте жоғары деңгейде даярлап жатыр. Осы мектепте, мен, өз Отан алдындағы борышымды өтеп жатқанымды мақтан етемін. Болашақта Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қызмет еткім келеді», - дейді Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебінің түлегі, курсант Құтымбай Еркебұлан.
Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебібастығының орынбасары, Баймаханов Қайраддин әскери мектеп қысқа мерзім ішінде жас өрендердің қарудан оқ атудан басқа да, әскери өмірдің қыр-сырын меңгеруіне мүмкіндік беретіндігін, курсанттардың «атқыш» мамандығын аяқтағаннан кейін Қарулы Күштерімізге қызмет ететін азаматтардың саны артқанын атап өтті.
Бұл, әскери-техникалық мектепті тәмамдап отырған түлектердің соңы емес. Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебі алдағы уақытта да Отанға адал қызмет ететін мамандарды қабылдайтын болады.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант  Мұхит Қонаров
02 қараша 2020 ж. 962 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 72

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 76

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 59

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930