Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқыны кезінде 61 мың адамды эвакуациялайтын пойыз дайындалды

Су тасқыны кезінде 61 мың адамды эвакуациялайтын пойыз дайындалды

Су тасқыны кезінде 61 мың адамды эвакуациялайтын пойыз дайындалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
«61 мың адамды эвакуациялауға 1 713 локомотив, 1 603 вагон дайындалды. Сондай-ақ, арнайы техникасы бар 84 қалпына келтіру және өрт сөндіру пойызы дайын. Қазіргі уақытта 2 975 текше метр кесек тас және 8 250 дана стандартты емес темірбетон шпалдары дайындалған. Техниканың және материалдардың дайындығы – 100 пайыз», - деді министр. Оның айтуынша, «2021-2023 жылдарға арналған су тасқындарының алдын алу және жою бойынша іс-шаралар кешені» жол картасы аясында министрлікте 1 іс-шара қарастырылған. «Ол Қарағанды облысында Көкпекті-Қарағайлы учаскесінде Қарасор көлін айналып өтетін темір жолын салуға қатысты. Қазіргі таңда Министрлік аталған жобаны іске асыру мәселесін пысықтап жатыр. Жалпы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары министрліктің арнайы бақылауында тұр», - деді Бейбіт Атамқұлов.
23 ақпан 2021 ж. 2 638 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031