Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарға қарқылдаса, қыс қытымыр

Қарға қарқылдаса, қыс қытымыр

Қазақ қарғаны жек көреді, әсіресе жағымсыз даусын. Қарғаның тарихы тереңде жатыр. Адам ата мен Хауа анадан туған Қабыл мен Әбілге барып тіреледі. Қабыл өлген інісі Әбілдің денесін не істерін білмей жүргенде жаратушы өлі қарғаны көтерген қарғаны жібереді. Ол шұңқырды қазып, өлген қарғаны көмгенін көріп, Қабыл «мен осы қарға құрлы да бола алмадым ба?» деп жылайды.
Ғалымдар аң-құстардың ақылдығын тексергенде шимпанзе, дельфиннен кейінгі орынға қарға шыққан. Автокөлік басып кеткен жануардың өлексе денесін шоқып жеп отырған қарғалар бағдаршамның жасыл шамы жанғанда ұшып кететінін, қала тұрғындары жиі байқаған. Қарғалар ойынпаз ит пен мысықтың жынына тигенді жақсы көреді. Ағаш бұтағына қонып отырған қарғалар адамдар өтіп бара жатқанда бұтақты сілкілеп қар түсіріп ойнағанын да көпшілік байқайды.
1812 жылы Москваға басып кірген Наполеон Кремль мұнарасындағы кресті соғыс олжасы (трофей) ретінде Парижге алып кетпекші болғанда, қалың қарға үйірі үздіксіз қарқылдап француз солдаттарының үстінен шыр айналып кетпепті. Бұл құбылысты бақылап тұрған Наполеон жаман ырымға жорып райынан қайтқан.
Қарға туралы қазақта мақал-мәтелдер жетіп артылады. «Қарға тамырлы қазақ», «Біздің де қолымызға қарға тышар» және «Қарғам-ау», «Қарғатайым», «Қарғашым», «Қарға адым жер», «Қарғадай көзіңнен», «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деген сөздер жиі айтылады. Қолөнерде «Қарға тұяқ» деген ою бар. Қазақта қарғалар тобымен қарқылдаса қыста күн суық болады, қарқылдай берсе найзағай ойнайды деген наным-сенім бар.
Ол киелі құс. Тәңірдің елшісі делінеді. Басқа халықтарға келсек, Якут бақсылары қарғаны пір тұтады. Саха елінде қарға олардың тілінде «суар» деген ру бар. Түркілердің жалғыз қалған баласы айдалада жұртта қалып қойғанда көкбөрі қасқырға хабар беріп, аман алып қалған қарға деп ежелгі қытай жазбаларында жазылған. Қарға – түркілер үшін қасиетті құс.
Орыс халқы адам туылуы мен өлуін, қайғы мен қуанышты болатын үлкен өзгерісті қарқылымен айта алатынына сенеді. Олардың «Қара қарға» деген халық әні бар. Орыстар да қарғаны адамдардың өлетінің біліп, төбелерінен айналып ұшады деген сенім қалыптасқан. Сондықтан оны «ажал құсы» деп те атайды. Сталиндік репрессия кезінде тұтқындау үшін, қара түсті «эмка» яғни ГАЗ-М жеңіл автокөлігімен келгендіктен, халық оны «Қара құзғын» деп атап кеткен.
1982 жылы қараша айында Л.И.Брежневті жерлеп жатқанда Қызыл алаңда қалың қарғалар тобы басып қалып, бас хатшымен қарқылдап қоштасқанын орыс халқы жаман ырымға жорыған болатын. Көп ұзамай КСРО-ның іргесі сөгіліп, ақыры ыдырап кетті.

Бақытжан ТҮМЕНБАЙ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
30 қаңтар 2021 ж. 5 179 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 31

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 35

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 32

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031