Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылдар азайып барады

Ауылдар азайып барады

«Қазіргі кездегі жаһандану заманында ат арқасынан ауып қалмай қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің азаттығын баянды ету әрбіріміз үшін аса маңызды» деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жыл басында жаңашыл сипатта сарабдал сөз түзген мақаласы қоғамға маңызды ой салды.
Белгілі бір істі әділдікпен басшылыққа алсақ, бұған анық қол жеткіземіз. Мысалы: Халқымыздың тұрмысын жақсарта түспесек еліміздің жетістіктерімен халықаралық табыстарын мақтан ету артық. Азаматтарымыз экономикалық өсімнің игілігін сезе алмаса одан еш қайыр жоқ деп тебірене жазды мақаласында.
Президенттің «Таным мен тағылым» айдарында арқау болған ой өзегі де өте әсерлі. Тәуелсіздікпен бірге түлеген буынның санасы, көзқарасы өмір салты өзгеше. Өз мақаласында «Тәуелсіздік құндылығы жадына біржолата шегеленіп мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білу керек» деп сипаттады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы ұлт тарихи, ұрпақ тәрбиесіне қатысты сыни пікірді тамаша келтірген. Соның ішінде ұлт тарихы бір ғана киноиндустрия әлеміне қатысты шынайы көріністері айтылады. Бұл ретте деректі және көркем фильмдерді алсақ. Осы бағытта «Алмас қылыш», «Жау жүрек мың бала», «Томирис», «Кейкі батыр», «Тар заман» сияқты тарихи фильмдер түсірілді. Бірақ ол жеткіліксіз. Ол құзырлы органдармен отандық телеарналарға мемлекеттік тапсырыстың белгілі бір бөлігін міндетті түрде тарихи тақырыптарға бағыттауды тапсырды. Әрине қаржы мәселесі шешілуі керек. Дегенмен көп қаражат жұмсамай да жоғарғы деңгейдегі өнер туындысын түсіруге болатынын қырғыз баурларымыз «Құрманжан датқа» фильмі арқылы анық көрсетті», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қоғамда әр алуан пікір тудырып, бәз біреулердің жалаң ұранына айналып келген ең маңызды қастерлі жер мәселесіне осы жолы нақты байлам жасалды. Президент мақаласында жер ешкімге сатылмайтындығын айтты. Қазақ үшін тоқымдай жер қымбат. Бір уыс топырақтың өзі алтынмен тең. Халықтың қалалық жерлерге жаппай көшу салдарынан көптеген ауыл, әсіресе шекара маңындағы елді мекендердің тұрғындары күрт азайды.
Қазалы ауданы Өзбекстан Республикасымен шекаралас. Сол жақтағы ірі елді мекендердің бірі – Қызылқұм совхозы мүлдем жабылды. Ал оның бер жағында орналасқан Ажар елді мекенінде 20 шақты ғана отбасы, орталау мектеп қана сақталып қалды. Қазір Қазалы ауданы мен Өзбекстан шекарасында бірде бір елді мекен жоқ.
Тәуелсіздікке дейін ауыл мен қала тұрғындары тең болды. Ол кезде кент тұрғындары ауыл халқына кірмейтін. Кейінгі 10 жылдықта кенттер ауылға кіретін болды. Ауылды қалай ұстап қаламыз деген мәселеге ерекше мән беріп, ауылдағы мұғалім мен басқа да сала мамандарының бәріне ауылдық үстемақы беріледі және заңда 25 проценттен кем берілмейді. Осы шешімнің қажеттігін оны аудандық мәслихатта анықтайтыны жазылған. Бұл үстемені Әйтеке би кенті мамандары да алып отыр. Сондықтан алыстағы әсіресе шекара маңындағы ауыл мамандарына 40-50 проценттен үстеме ақы берілсе, халық қалаға көшпей тұрақтанар еді. Шекараны бекіту дегеніміз сол аймақтағы ауыл халқын көбейту және оны тұрақтандыру, нығайту жұмыстары деп ойлаймын. Қысқасы, Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын қолдап, оны оқыған басқарушы атқарушы құзырлы органдар халық тілегін жүзеге асыруға ат салысса нұр үстіне нұр болар еді.

Қадырбек БЕКЕТОВ,
ардагер ұстаз

19 қаңтар 2021 ж. 2 105 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 174

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031