Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 226 – Ермек үшін ойлап табылған сан

226 – Ермек үшін ойлап табылған сан

226 – Ермек үшін ойлап табылған сан
«Математика дегеніміз – поэзия» депті бір данышпан. Қалайша? Осы сұраққа жиі оралсам да, жауабын таба алмай көп жүрдім. Есеп ұйқаспайды ғой. Сөйтсем...
Мұның бастауы қасиетті Құранда жатыр екен. Құранда бейберекет сан жоқ, олардың әрқайсысы өзара үйлесіп, ұйысып қалған. Мысалы, Құранда «күн» деген сөз 365 рет, «күндер» деген сөз 30 рет, «ай» сөзі 12 рет қайталанған. Ал, «жұмақ» сөзі құранда 77 рет айтылған. Адамдардың 7, 77, 777 сандарын неге жақсы көретінін енді түсінген шығарсыз. Мына құдіретті қараңыз, «жаза» сөзі қасиетті кітапта 117 рет, «кешірім» сөзі 234 рет кездескен. Демек, кешірім екі есеге көп.
Жарайды, бұл біз айтып тауыса алмайтын тылсым. Біздің бабаларымыз де есепке жүйрік болған. Қой бағып жүріп, құмалақпен неше түрлі есептерді шығарып тастаған. Осы күні математиктер тоғызқұмалақ ойынын қандай данышпан ойлап тапты екен деп таңғалып жүр.
Ал, енді мына бір есептің ішкі үйлесімділігін қараңызшы, нағыз поэзияны осы ма деп қалдық.
Ішіңізден үш орынды сан ойлаңыз (100, 111, 999, 247, 691 деген сияқты). Сол ойлаған жасырын саныңызға 455-ті қосыңыз. Қосылғыштан 233-ті алыңыз. Оған 4-ті қосыңыз. Осылардың шығындысынан о баста ойлаған саныңызды алып тастаңыз, нәтижесі 226 болады.
Бұл есеп жұмбақты қазекем баяғыда ермек үшін ойлап тапқан.

syrboyi.kz
11 қаңтар 2018 ж. 1 741 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 79

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930