Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа әліпби болашақ үшін жасалып жатқан игі іс

Жаңа әліпби болашақ үшін жасалып жатқан игі іс

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде тіл жанашырларымен өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Баспасөз конференциясында филология ғылымдарының докторы, Қорқыт ата атындағы ҚМУ профессоры Жеңіс Сәдуақасұлы латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің өзгертілген жаңа нұсқасы жайында өз пікірін білдірді.
"Ең алғашқы қазақ тіліне қатысты дыбыстардың диграфпен берілген нұсқасына қарағанда бұл нұсқа біршама жақсарған тәрізді көрінді. Жалпыхалықтық талқылау мен сын-пікірлерге құлақ асқан Комиссия үшінші жаңа нұсқаны жасапты. Әрине, Елбасының да бұл мәселені үнемі бақылауда ұстап, халықтың ой-пікірлерін де таразыдан өткізіп отырғаны, мына жаңа нұсқаның ерекшеліктерімен де етене танысқаны күмәнсіз", - деді Жеңіс Сәдуақасұлы.
Облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Нұрсәуле Мұсаеваның айтуынша, жазуда көзге қораш көрінген апострафпен таңбалау нұсқасын өзгертіп, дәйекше және диграфтармен таңбаланған бұл нұсқа халықаралық латын негізді әліпбилерге өте жақын, қолдануға ыңғайлы әрі жазып үйренуде көп қиындық туғызбайды дейді. Сондай-ақ, бұл нұсқаға да алдағы уақытта өзгерістер енгізіледі. Себебі, жұмысшы топ шілде айына дейін емле ережелерін жасау үстінде кей тұстарды өзгертуі әбден мүмкін.
22 ақпан 2018 ж. 1 251 0

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 54

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 86

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 49

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 48

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031